Accessibility links

Британ парламентінің қауымдар палатасы Брекзит туралы заң жобасын қабылдады


Қауымдар палатасының отырысы.
Қауымдар палатасының отырысы.

Британ парламентінің қауымдар палатасы Брекзит туралы заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Енді құжат лордтар палатасына жіберіледі. Парламенттің жоғары палатасы келесі апта басында құжатты талқылай бастайды деп айтылады.

Заң жобасы премьер-министр Борис Джонсонның қазан айында Брюссельмен мақұлдаған келісіміне негізделген. Бірақ ол нұсқадан бірқатар айырмашылықтары да бар. Ол кезде заң жобасына тосқауыл қойылып, ақырында кезектен тыс парламент сайлауы белгіленген. 12 желтоқсанда өткен парламент сайлауында Джонсон жетекшілік ететін консерваторлар жеңіске жетті.

Заң жобасы 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін Ұлыбританияны Еуроодақтан шығаруды көздейді, одан кейін жаңадан сауда-саттық туралы келіссөздер басталады. Оппозиция тараптар келесі жылдың соңына дейін мұны жасап үлгермейді десе, Джонсон үлгеретініне сенімді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG