Accessibility links

Оралда белсенді Назарбаев даңғылының атауын ауыстыруды талап етті


Белсенді Бауыржан Әліпқалив Оралдың орталық алаңында пикет өткізіп тұр. 23 қаңтар 2020 жыл.
Белсенді Бауыржан Әліпқалив Оралдың орталық алаңында пикет өткізіп тұр. 23 қаңтар 2020 жыл.

23 қаңтарда белсенді Бауыржан Әліпқалиев Оралда қалалық әкімдік алдындағы орталық алаңға шығып, қаладағы негізгі көшеге бұрынғы Достық атауын қайтаруды талап етті. Белсенді «былтыр наурызда көше атауын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне берілуі қате шешім болды» дейді.

Әліпқалиевтің акциясын қолдап он шақты белсенді мен блогер жиналды. Акция басталғанға дейін оның қасына қолына телефон мен камера ұстаған әкімдік қызметкерлері мен ішкі саясат бөлімінің бастығы Ербол Күшеков келді. Белсенді қолындағы «Достық даңғылы» деген жазуы бар плакатты ашып көтерген сәтте әкімдік өкілі рұқсат етілмеген митинг пен пикет үшін жауапқа тартылатынын ескертті. Күшеков сәлден кейін кетіп қалды.

Белсенді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаевтың соңғы күндері жазған постарынан кейін наразылыққа шығуға шешім қабылдаған.

- Мен көше атын Назарбаевқа ауыстырған зейнеткерлердің отставкасын талап етемін. Ең бірінші кезекте Тоқаев пен Қауіпсіздік кеңесі басшысы кетсін (Қауіпсіздік кеңесін Нұрсұлтан Назарбаев басқарады), - деді белсенді.

Пикеттен кейін Бауыржан Әліпқалиев облыстық әкімдікке барып, аймақ басшысы Ғали Есқалиевпен кездеспек болды. Алайда ол жұмысында болмады. Ішкі саясат басқармасының бастығы Нұрлыбек Дауымов белсенді 24 қаңтарда кездесе алады деп уәде берді. Бауыржан Әліпқалиев егер кездесу өтпесе, пикетке тағы шығатынын ескертті. Сөзінше, әкіммен кездесіп, даңғылдың атауын ауыстыруды талап еткісі келген.

Белсенді «егер әкім Есқалиев мені ертең кездесуге шақырмаса, алаңға барып, тағы бір қарсылық акциясын өткізетінін» айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG