24 қаңтарда АҚШ-тың қорғаныс министрлігі 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 34 сарбаздың бас сүйегі зақымданғанын мәлімдеді. Reuters-дің жазуынша, бұл АҚШ әскерилерінің бұған дейін айтқан көрсеткішінен жоғары.
Президент Трамп және өзге де жоғары лауазымды америкалық шенеуніктер бастапқыда зымыран шабуылынан ешкім зардап шекпеді деп мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: "Иранның шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шеккен жоқ"
Өткен аптада Пентагон Иран АҚШ-тың Ирак аумағындағы Айн-әл-Асад базасын зымыранмен атқылағаннан кейін 11 сарбаз "ми шайқалу белгілерін емдеу курсынан өтті" деп айтқан. Бірнеше күннен кейін Ирактан шабуыл кезінде зардап шеккен өзге әскерилер шығарылды деп хабарланды. Пентагон өкілі Джонатан Хоффман журналистерге емделген 17 сарбаздың Иракқа қайтып келгенін айтты.
ПІКІРЛЕР