Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтарда таңертең Twitter-де Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу үшін үкіметке "нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды" деп жазды. Бірақ ол нақты қандай шаралар екенін ашып жазбады.
Соңғы дерек бойынша, 2019-nCoV атты жаңа вирустан 56 адам көз жұмды, вирусты жұқтырғандар саны 2000-ға жуықтады. Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің дерегінше, Уханьда қазақстандық 200-ден астам студент тіркелген. Оның 94-і қазір "жабық қалада" жүр.
Оқи отырыңыз: "Көшеге шықпауды тапсырды". Қытайда оқитын қазақ студенттер қауіпті вирус жайлы
Қытайда тараған вирус Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония, Гонконг, АҚШ, Канада, Франция және Тайваньға жеткен.
23 қаңтар күнгі дерек бойынша, Қазақстанда "коронавирусты жұқтыру оқиғасы" тіркелмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, әуежайлар мен өткізу пунктерінде тауарларды тексеру шарасы күшейген, шекарадан өткен адамдар да тексеріліп жатыр. Қазақстандықтарға Қытайға сапарды шегеруге кеңес берілген.
Видео: "Вирус ошағынан қазақстандықтарды шығару мүмкін емес" дейді министрлік (23 қаңтар 2020 жыл).
ПІКІРЛЕР