Accessibility links

Қордайда тұрғындар қамаудағы адамдарды босатуды талап етті


Қамаудағы азаматтарды босатуды талап етіп тұрған тұрғындар. Жамбыл облысы, Масанчи ауылы, 8 ақпан 2020 жыл.
Қамаудағы азаматтарды босатуды талап етіп тұрған тұрғындар. Жамбыл облысы, Масанчи ауылы, 8 ақпан 2020 жыл.

8 ақпанда күндіз Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи мен Қаракемер ауылының ортасына тұрғындар жиналып, бір күн бұрын ұсталған адамдарды түгел босатуды талап етті. Наразылардың саны шамамен 200-ге жуықтайды. Тұрғындарға қарама-қарсы жақта олардың әрекетін каска киіп, қалқан ұстаған омон жасақтары бақылап тұрды.

Масанчи мен Қаракемер ауылының ортасында тұрған омон жасақтары. Жамбыл облысы, 8 ақпан 2020 жыл.
Масанчи мен Қаракемер ауылының ортасында тұрған омон жасақтары. Жамбыл облысы, 8 ақпан 2020 жыл.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бірнеше рет келді. Екінші келгенінде Қордайда қамауда отырғандар түгел босатылды деді. Бірақ Қаракемер тұрғындарының сөзіне қарағанда, Қордайда қамауда отырған 40 адамнан өзге көрші Ауқатты ауылында тағы 47 адам бар, оларды да босату керек деді. Ал әкімдік 47 адамның ғана ұсталғанын айтады.

Ақыры әкімдік ұсталғандарды босатып, Қаракемер тұрғындарының алдына әкелуге уәде берді. Осы талап орындалса тараймыз деді жұрт.

Видео: Тұрғындар қамалған азаматтарды босатуды талап етті (8 ақпан 2020 жыл)

Төбелес болған Қордайдағы ахуал
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:47 0:00

Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал болды. Ішкі істер министрлігі 8 адамның өлгенін, 40-тан астам адамның жарақаттанғанын хабарлады. Полиция "Адам өлтіру" және "Тәртіпсіздік ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық істер қозғады. Жанжалдан кейін полиция 47 адамды ұстағанын хабарлаған.

8 ақпанға қараған түні полиция жанжал болған аумақты қоршап, ол жаққа ешкімді өткізбеді.

Оқи отырыңыз: Өртенген үйлер, арнайы жасақ. Қордайда не болды?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG