Accessibility links

Шешенстан басшысы 23 жастағы туысы спорт министрі етіп тағайындады


Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров Кремльдегі мемлекеттік кеңес жиынында. Мәскеу, 26 желтоқсан 2019 жыл.
Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров Кремльдегі мемлекеттік кеңес жиынында. Мәскеу, 26 желтоқсан 2019 жыл.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров туысқан бауыры Хамзан Қадыровты дене шынықтыру және спорт министрі етіп тағайындады. Бұл ақпаратты республика басшысы Instagram және "Вконтакте" желісіндегі парақшасында айтты.

23 жастағы Хамзан Қадыров бұған дейін Шешенстандағы Курчалов ауданын басқарған. Мемлекеттік басқару саласында білімі бар. Ол - Рамзан Қадыровтың қайтыс болған ағасы Зелимхан Қадыровтың ұлы. Ресейлік басылымдарға берген сұхбатында Шешенстан басшысы жиенін балаларынан да қаттырақ жақсы көретінін және балаларына қарағанда соған көбірек жағдай жасайтынын айтқан.

Рамзан Қадыровтың немере ағасы Турпалали Ибрагимов бірнеше күн бұрын Хамзан Қадыров Қауіпсіздік кеңесінің басшысы болып тағайындалды деп хабарлаған, бірақ кейінірек жазбасын өшіріп тастады.

Жақында Қадыровтың тағы бір туысы Ибрагим Закриевтің республика басшысы әкімшілігі мен Шешенстан үкіметінің жетекшісі болып тағайындалғаны белгілі болған.

2017 жылы Рамзан Қадыровтың үлкен қызына үйленген 23 жастағы Висхан Мацуев 2019 жылы желтоқсан айында Шешенстанның ішкі істер министрлігінің көші-қон басқармасының жетекшісі болды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG