Accessibility links

Қазақстандық қолданушылар Telegram-ға кіру қиындағанын айтады


Қазақстанда интернет қолданушылар 13 ақпан кештен бастап Telegram мессенжеріне кіру қиындағанын айтып жатыр.

Азаттық тілшісі сөйлескен қолданушылар 13 ақпан кештен бастап Telegram мессенжері ашылмай қалғанын жеткізді. Олардың сөзінше, Telegram қазір де ашылмай тұр. Қолданушылардың көбі бұл месенжерге VPN көмегімен кіріп жатқандарын айтады.

Танымал желілердің жұмысын бақылайтын Downdetector сайтындағы деректе Telegram Қазақстан аумағында дұрыс жұмыс істемей тұрғаны байқалады.

Қазақстан цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігі; ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram месенджерінің ашылмай қалғанына қатысты қандай да бір пікір білдірген жоқ. Telegram компаниясы да мәлімдеме жасаған жоқ.

Қазақстандық қолданушылар елде Facebook, Youtube, Telegram, WhatsApp сияқты әлеуметтік желілерге кіру қиындап кететінін айтып, жиі шағымданады. Елде қандай да бір наразылық шаралары кезінде, қоғам назарын аударған биліктің мәлімдемелерінен соң әлеуметтік желілердің жұмысында ақау болады.

Қазақстан билігі осыған дейін бірнеше рет «желідегі, интернеттегі ақауларға қатысымыз жоқ. Қолданушылар саны өскен сайын техникалық ақау жиі болады» деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG