Accessibility links

Қырғызстанда Қытай инвестициясына қарсылық акциясы өтті


Атбашы ауылындағы қарсылық акциясы. Нарын облысы, Қырғызстан. 17 ақпан 2020 жыл.
Атбашы ауылындағы қарсылық акциясы. Нарын облысы, Қырғызстан. 17 ақпан 2020 жыл.

Қырғызстанның Нарын облысы Атбашы ауылында жүздеген адам жиналып, осы өңірде Қытай жобаларын жүзеге асыруға қарсылық білдірді.

Қарсылық акциясына жиналғандардың кейбірі атпен келген. Олар Қырғызстан үкіметінен 275 миллион доллар жұмсалатын логистикалық орталық салу жоспарынан бас тартуды талап етті. Логистикалық орталық салу туралы қырғыз үкіметі 2019 жылы Қырғызстанға келген Қытай компартиясының төрағасы Си Цзиньпинмен уағдаласқан еді. Орталыққа өндірістік қуаты аз кәсіпорындарды орналастырып, оларға сауда жеңілдіктерін беру көзделген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, митингіге екі мыңнан астам адам қатысқан. Қырғызстан үкіметінің Нарын облысындағы өкілі Эмилбек Алымқұлов қарсылық акциясына келгендер 700-800 адамнан аспайды деп санайды. Алымқұлов қырғыз үкіметі митингі талабына жауап беретінін айтты.

Ақпанның 17-сіне өткен митингіге келгендер "Логистикалық орталық салуға қарсымыз", "Қырғыз жері Қытайға берілмесін" деген ұрандар жазылған баннер ұстап тұрған. Жыл басынан бері Қырғызстанда Қытайдың инвестициялық жобаларына қарсы бірнеше митингі өтті.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG