Accessibility links

Украинада "Ресейдің Қырымдағы басқыншылығына қарсылық күні" жарияланды


Ресейдің Қырымды жаулап алуы. Фотоколлаж.
Ресейдің Қырымды жаулап алуы. Фотоколлаж.

Украина президенті Владимир Зеленский ақпанның 26-сын "Ресейдің Қырымдағы басқыншылығына қарсылық күні" деп белгілеу туралы жарлыққа қол қойды.

Осыдан алты жыл бұрын ақпан айында Ресей Қырымға әскер жіберіп, түбекті басып алған. Ресей әскерінің бақылауымен өткен референдумды кемінде жүз мемлекет заңсыз деп таныған.

Сол жылы сәуір айында Ресей Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетті. Әлі күнге дейін жалғасып жатқан қақтығыстан 13 мыңнан астам адам қаза болған.

Украина президентінің кеңсе таратқан мәлімдемеде "Мәскеумен жылы қатынас орнатқан Виктор Янукович 2014 жылы 26 ақпанда биліктен кетірілгеннен кейін Қырым астанасы Симферопольде украиналықтар Ресейдің жаулап алуына қарсы ірі наразылық өткізді" делінген. Зеленский мәлімдемеде мемлекет басшысы ретінде ғана емес, Украина азаматы ретінде де Қырымды Украинаға қайтаруды көздейтінін айтқан. Оның сөзінше, Украинаға түбекті қайтару талпынысын халықаралық қауымдастық қолдайды.

“Бұл күннің келетініне де сенімдімін” деді Зеленский.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, Зеленскийдің жарлығы "Қырым азаматтарының Ресейге қосылуының шынайы себебі мен мәнін" білдіре алмайды.

Бір күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы басқыншылығына байланысты Ресейге бұған дейін салынған санкцияны тағы бір жылға созған.

Оқи отырыңыз: Зеленский БҰҰ жиынында әлем елдерін Украинаны қолдауға шақырды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG