Accessibility links

ДДСҰ коронавирусты "пандемия" деп жариялады


Венеция көшесін тазалап жүрген адам.
Венеция көшесін тазалап жүрген адам.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Бұл шешімді 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді.

Бір мезетте әлемнің көп еліне тарайтын індетті – пандемия деп атайды.

Тедрос барлық елдің үкіметін "жедел әрі батыл шара қолдануға" шақырды.

Оның сөзінше, "бірнеше ел вирусты тоқтатып, бақылап ұстауға болатынын көрсеткен" және "бұл індетпен күресіп жатқан өзге елдер де осыны істей ала ма емес, істей ме" деген мәселе бар.

"Азаматтарды қорғап, әр істі дұрыс атқару үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл қолымыздан келеді" деді Тедрос Аданом Гебрейесус.

11 наурыздағы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 125 мыңға жуықтады. Қаза тапқандар 4500-ден асқан. Көз жұмғандардың көбі Қытайда (3158), Италияда (800-ден асты), Иранда (354). Қазірге дейін әлемде 67 мың адам дерттен айыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG