Accessibility links

Денсаулық басқармасы: Алматыдағы 17 науқастың жағдайы - орташа


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев. Сурет Алматы қалалық әкімдігінің Телеграм арнасынан алынған.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев. Сурет Алматы қалалық әкімдігінің Телеграм арнасынан алынған.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, коронавирус табылған 17 науқастың жағдайы орташа. Олардың 14-і - қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, екі бала және бір баланың анасы (одан да коронавирус табылған) балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

- Олардың бәрінің жағдайы - орташа. Ешқайсысы жасанды тыныс алу аппаратына қосылмаған, - деді Тілеухан Әбілдаев.

18 наурызда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Алматыда тағы екі адамнан коронавирус табылғанын айтып, елде вирус жұқтырғандар санының 35-ке жеткенін хабарлаған еді.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, бірінші науқас - 1998 жылғы студент қыз Стамбул - Алматы бағыты бойынша 15 наурызда ұшып келген. Екінші науқас - 1974 жылғы әйел Мәскеуден Алматыға 10 наурызда келген.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қазір бұл екі адаммен соңғы кезде араласқан адамдар іздестіріліп жатыр. Оның сөзіне қарағанда Түркия коронавирусқа байланысты "қауіпті елдер" қатарына кірмегендіктен Стамбулдан келген студент қыз карантинге бірден жатқызылмаған.

"Ол өзі түнде жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дәрігерлер жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерін таппаған. Бірақ аурухана қызметкерлері таңға қарай қанын тексерген. Диагноз расталды" деді ол.

Коронавирус туралы соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып, біле аласыздар.

Қарай отырыңыз: Вирус деген не?

Вирус деген не?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG