Accessibility links

Ұлттық банк "сыртқы факторлардың кері әсері" туралы айтты


Нұр-Сұлтандағы айырбас пунктерінің бірі. 19 наурыз 2020 жыл.
Нұр-Сұлтандағы айырбас пунктерінің бірі. 19 наурыз 2020 жыл.

19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтанның көптеген айырбас пунктері доллар сатуды тоқтатты. Жекелеген пунктер бір долларды 471 теңгеден сатып жатыр. Қазақстан қор биржасының таңертеңгі саудасында доллардың орташа бағамы 448,5 теңге болды. Бұл алдыңғысымен салыстырғанда шамамен тоғыз теңгеге қымбат.

Бейскенбі күні Ұлттық банк және Қазақстан қор биржасы бірігіп мәлімдеме жасап, 19 және 20 наурызда теңге-доллар жұбын Франкфурт аукционы әдісімен сату туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Франкфурт аукционы бағаны аукционды кесу арқылы анықтауға мүмкіндік береді, сол арқылы мүмкіндігінше жоғары келісім жасалады. Мәлімдеме авторларының айтуынша, бұл әдіс қаржы нарығының тұрақсыздануына жол бермейді.

"Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 25 долларға дейін құлдилап, бір күннің ішінде - 14 пайызға, жыл басынан бері 60 пайыздан астамға арзандады. Әлемдік қаржы және валюта нарығы құлдырап барады. Ресей рублі бір күн ішінде - 7,3 пайызға, жыл басынан бері 30 пайыздан астам әлсіреді" делінген хабарламада.

16 наурызда Қазақстан ұлттық банкінің «еркін бағам айналымына» көшу туралы мәлімдемесінен кейін айырбас пункттеріндегі доллар бағамы 440 теңгеге дейін жеткен. Осыдан соң көптеген айырбас пункттері валюта сатуды тоқтатқан еді.

Видео: Доллар күрт қымбаттады. Жұрттың көңіл-күйі қалай?

Доллар күрт қымбаттады. Жұрттың көңіл-күйі қалай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG