Accessibility links

Әзербайжан астанасы коронавирусқа байланысты жабылды


Әзербайжан астанасы Баку қаласы. 19 маусым 2015 жыл.
Әзербайжан астанасы Баку қаласы. 19 маусым 2015 жыл.

Әзербайжан астанасы Баку қаласы коронавирусқа байланысты жабылды. 19 наурызда Баку мен оның маңындағы Сумгаит қаласы және Апшерон ауданына көліктердің кіруіне тыйым салынды. Блокпостардан тек жедел жәрдем және құтқару қызметі, жүк, полиция көліктері ғана өте алады. Шектеу шарасы кемінде 29 наурызға дейін күшінде болады. Баку, Сумгаит және Апшерон ауданына қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтайды.

Ресми дерек бойынша, Әзербайжанда 34 адамға коронавирус жұққан, бір адам қайтыс болған. Көрші Арменияда вирус жұқтырғандар саны 115-ке жетті. Билік 16 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады.

Грузияда коронавирус жұққан 40 адам анықталған. Премьер-министр Георгий Гахария 19 наурызда "қажет болса төтенше жағдай жарияланады" деп мәлімдеді. 20 наурыздан бастап мұнда барлық дүкендер жабылып, тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істемек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG