Accessibility links

Бішкекте Кой-Таштағы оқиғаға байланысты сотты кейінге қалдырды


Бішкектегі Первомай соты. Көрнекі сурет.
Бішкектегі Первомай соты. Көрнекі сурет.

Қырғызстанда 30 наурызда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев жақтастары мен күштік құрылымдар арасындағы қақтығыс бойынша сот төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілді.

Бұл іс бойынша 14 айыпталушы бар. Олардың арасында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев та бар. Былтыр 7-8 тамызда Кой-Ташта болған оқиғаға қатысты сот жабық жағдайда өтіп жатыр. Соңғы рет Атамбаевтың қан қысымы төмендеп, сот отырысы бір аптаға шегеріліп, 30 наурызға белгіленген болатын.

Дүйсенбі күні судья елдің кейбір аймағында төтенше жағдай жариялануына байланысты сот отырысын кейінге қалдырды.

Әзірге соттың нақты қашан жалғасатыны белгісіз.

Видео: Атамбаевты ұстау операциясының хронологиясы (Тамыз, 2019 жыл).

Атамбаевты ұстау операциясының хронологиясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG