Accessibility links

Қазақстанда жолаушылар пойызы толық тоқтады


Астанадағы вокзал. Көрнекі сурет.
Астанадағы вокзал. Көрнекі сурет.

31 наурыздан бастап Қазақстанда аймақтар арасында жолаушылар пойызы толық тоқтады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігі хабарлады. Қазір пойыздар тұрақтарға оралып жатыр.

Компания төтенше жағдай кезінде бара алмай қалған барлық жолаушыларға билік құнын қайтарып беретінін айтты. Онлайн немесе кассалар арқылы ақшаны қайтаруға болады. Компания дерегінше, 12 наурыздан бері шамамен 590 мың билет қайтарылған.

"Жолаушылар тасымалы" төтенше режимі алынғаннан кейін пойыздар қайта жүре бастайтынын айтады.

Қазақстанда 16 наурызда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Бірнеше қала, аудандар карантинге жабылып, шектеу шаралары күшейтілді. Бұған дейін елде халықаралық әуе рейстердің де тоқтайтыны хабарланған еді. Билік 15 сәуірге дейін жарияланған төтенше жағдай режимінің созылуы мүмкін екенін айтады.

Қазақстанда ресми дерек бойынша, 403 адамнан коронавирус табылған. 27 адам жазылған. 3 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG