Accessibility links

Қазақстанда тағы 6 адамнан вирус табылды. Елде вирус жұқтырғандар 531-ден асты


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуір 22.45-тегі дерегіне сай, елде тағы алты адамнан коронавирус табылды. Оның үшеуі - Нұр-Сұлтанда, екеуі - Қызылорда облысында, біреу Жамбыл облысында.

4 сәуірде елде 67 адамнан вирус анықталды. Елде қазір 531 адамнан коронавирустың жаңа түрі табылды. 36 адам дерттен айықты. Бес адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі елде вирустың тарауы сәуірдің ортасында шегіне жетіп, азая түседі деп болжайды. Елде 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Қазақстанның басым бөлігінде карантин жарияланған.

Вирус жұқтырған 531 адам мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 219
  • Алматы қаласы – 110
  • Қызылорда облысы – 30
  • Қарағанды облысы – 27
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Түркістан облысы – 23
  • Атырау облысы – 22
  • Ақмола облысы – 20
  • Шымкент қаласы – 13
  • Жамбыл облысы – 11
  • Ақтөбе облысы – 10
  • Алматы облысы – 10
  • Шығыс Қазақстан облысы – 4
  • Маңғыстау облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Қостанай облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG