Accessibility links

ОПЕК+ мұнай өндіруге берілген лимитті сақтауға уағдаласты


Сауд Арабиясының энергетика министрі, ханзада Салман әл-Сауд пен Ресей энергетика министрі Александр Новак.
Сауд Арабиясының энергетика министрі, ханзада Салман әл-Сауд пен Ресей энергетика министрі Александр Новак.

ОПЕК+ тобы мұнай экспорттаушы елдер мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін төмендету жөнінде келісімге келгенін хабарлады. Бұл лимит мамыр және маусым айларында сақталуы тиіс.

Reuters жазуынша, төрт күнге созылған келісссөзде мұнай бағасының құлдырағанын тоқтатқысы келетін АҚШ президенті Дональд Трамптың қысымы байқалған.

Мұнай өндіруді қысқарту жайлы тарихтағы ең ірі келісімде (2008 жылғы дағдарыс кезеңіндегіден төрт есе көп) экспортер елдер 2022 жылдың сәуіріне дейін мұнай өндіру деңгейін төмендететіні көрсетілген.

«ОПЕК+пен үлкен келісім жасалды. Бұл келісім АҚШ-тың энергетика саласындағы жүздеген мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді», – деп жазды Трамп Twitter парақшасында. Ол Ресей президенті Владимир Путин мен Сауд Арабиясының королі Салманға уағдаластыққа қол жеткізуге қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Ресейдің ТАСС агенттігі ОПЕК+ елдері 12 сәуірде шұғыл өткен отырыста мұнай өндірісін қысқартуға 23 ел түгел келіскеніне назар аударды. Алайда алдын ала жоспарлағандай 10 миллион баррельге емес, 907 баррельге қысқаратын болған. Өйткені Мексика өзіне ұсынылған 400 мың баррельге келіспеген.

Осыған байланысты Иранның мұнай министрі Бижан Намдар Зангане «Мексика мамыр және маусым айларында мұнай өндіруді тәулігіне 100 мың баррельге азайтуы қажет. Қалған 300 мың баррельді Мексиканың орнына АҚШ қысқартуға уәде берді» деп мәлімдеген.

ОПЕК+ тобыныңы келесі видеоконференциясы биыл 10 маусымда өтуі тиіс.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG