Accessibility links

Қазақстанда 370 медқызметкерге және бір жасқа толмаған үш балаға вирус жұққан


Алматыдағы блокпост.
Алматыдағы блокпост.

Қазақстанда 370 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан. Оның басым бөлігі Алматы қаласы (197) мен Нұр-Сұлтан қаласында (92). Дәрігерлер арасында жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Бұл туралы 15 сәуірдегі брифингте Қазақстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева айтты.

Министрдің орынбасары елде кейінгі күндері вирус жұғу көрсеткіші 12,9 пайызға өскенін айтты. Ақтаева "Қазақстанда вирус инфекциясы шырқау шегіне жетті. Жүз мың адамның әрбір жетіншісіне вирус жұққан. Сондықтан 20 сәуірге дейін тест жасау көбейеді" деп мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Қазақстанда 80 баладан вирус анықталғанын, олардың жағдайы жақсы екенін айтты. Сөзінше, вирус жұқтырған балалардың арасында жаңа туған бір сәби бар. Вирус сәби мен анасына туысқанынан жұққан. Сондай-ақ бір жасқа толмаған екі баладан вирус табылған.

Қазір Қазақстанда барлығы 1290 адамнан вирус табылды. 240 адам дерттен айықты. 16 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханада жатқан 21 адамның жағдайы ауыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG