Accessibility links

Алматы қаласында коронавирустан бір адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 1960 жылғы ер адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады. Науқас 15 сәуірде көз жұмған.

"1960 жылғы науқас 8 сәуірден бері орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімінде емделген, жүрек-өкпе аурулары болғандықтан жағдайы ауыр болған. Анализ алынып, коронавирус бары анықталған" делінген басқарма хабарламасында.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 17 науқас қайтыс болған. Олардың үшеуі - Алматыдан.

Бұған дейін Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада істеген 182 медицина қызметкерінен коронавирус табылып, медициналық мекеме карантинге жабылған болатын. 15 сәуірде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханада емделген 215 адамнан тест алынып, 18 адамнан вирус табылғанын хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз: Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды. Карантиндегі дәрігерлер не дейді?

Алматы қаласы - коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алда тұр. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 393 адамнан вирус табылған. Олардың алтауы - бала, төртеуі - аяғы ауыр әйел. 60 адам жазылған. Қазір инфекциялық ауруханада 330 адам (біреуі - Алматы облысынан) емделіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG