Accessibility links

Қазақстанда тағы 66 адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуір таңертеңгі сағат 10.15-те тағы 66 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 4, Жамбыл облысында - 2, Түркістан облысында - 8, Шымкент қаласында - 5, Қызылорда облысында - 6, Павлодар облысында - 12, Қарағанды облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 2, Атырау облысында - 10, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында 5 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2482 адам болды. 604 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.

24 сәуірде Қазақстанда бес адамның коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды. Олардың біреуі - Маңғыстау облысында әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен 1980 жылы туған әскери қызметкер. Ол төтенше жағдай кезінде Ақтау көшелерін залалсыздандыруға атсалысқан.

Вирус табылған 2482 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 791
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 454
  • Қызылорда облысы – 170
  • Шымкент қаласы – 146
  • Қарағанды облысы – 111
  • Жамбыл облысы – 103
  • Батыс Қазақстан облысы – 102
  • Ақмола облысы – 88
  • Атырау облысы – 98
  • Түркістан облысы – 93
  • Алматы облысы – 73
  • Павлодар облысы – 88
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 39
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 25
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG