Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" Нұр-Сұлтанды ТЖ кезінде журналистерді қудаламауға шақырды


"Шекарасыз тілшілер" ұйымының хабарламасы. Көрнекі сурет.
"Шекарасыз тілшілер" ұйымының хабарламасы. Көрнекі сурет.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" баспасөз қорғау ұйымы (RSF) Қазақстан билігін індет жайлы хабар таратқан журналистерді қудаламауға шақырды. Ұйым өкілдері журналистерді "тергеп, сотпен қудалау және дерек құпиялылығын бұзуға" жол беруге болмайды деді.

"Қоғамда дүрбелең тудырмауды желеу етіп Қазақстан билігі журналистер мен блогерлерді қудалап жатыр, эпидемия туралы [блогерлер таратқан] хабарламалар ресми ақпаратпен сәйкес келмейді" деді 30 сәуірде ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бюро жетекшісі Жанна Кавелье.

"Төтенше жағдайды пайдалану Қазақстандағы сөз бостандығына зиян тигізеді" деді ол.

Ұйым өкілдері мәлімдемеде Facebook-тағы жазбасы үшін өткен аптада полицияға шақыртылып, жеті сағат бойы тергелген шымкенттік журналист әрі блогер Зәуре Мырзақожаева туралы айтқан. Журналистің сөзіне қарағанда полиция "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату" ісін зерттеп жатқанын айтып, ол жайлы мәлімет бермеу туралы қолхат алған.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының пікірінше, 16 наурыздан бері төтенше жағдай жарияланған Қазақстанда ақпарат құралдары сотпен қудаланады. Штаб-пәтері Парижде шоғырланған ұйым билік "әлеметтік желілер мен ақпарат құралдарындағы үкімет жұмысын өткір сынаған жазбаларды мұқият бақылап отыр" деп санайды.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының өткен аптада жарияланған "Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексінде" Қазақстан 180 елдің арасында 157 орында тұр.

"Абавтың сөзі - шындықты мойындамау". Қазақстанның баспасөзі неге еркін емес? (24 сәуір 2020 жыл).

"Абавтың сөзі - шындықты мойындамау". Қазақстанның баспасөзі неге еркін емес?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:54 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG