Accessibility links

Мақтаралда тағы екі ауылды су басты


Су алған Жаңа тұрмыс ауылы. 2 мамыр 2020 жыл.
Су алған Жаңа тұрмыс ауылы. 2 мамыр 2020 жыл.

3 мамырға қараған түні Түркістан облысы Мақтарал ауданында Фирдоуси ауылы мен Өргебас ауылын су басты. Бұған дейін Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылын толық су алып, үйлер құлаған еді.

Өргебас ауылының тұрғынымын деп таныстырған ер адамның сөзінше, ауылға су түнде келген. Әуелі егіндікті су шайып, таңға жуық ауыл ішіне кірген. Қазір жиырма шақты адам ауыл сыртына қойылған блокта жиналып тұр.

- Судың ағысы қатты. Қазір ауылдағы судың деңгейі трактордың терезесіне жетті. Кеше көрші ауылдарды су басқанын көріп малымызды шығарып алдық. Бала-шағамыз туыстарымыздың үйінде жатыр, - дейді ол.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, 2 мамырда түнде Фирдоуси ауылындағы 250 үйді толық су басып қалған. Ауылдан үш шақырым жерде тұрған Өргебас ауылына су кіріп, ондағы 194 үйді су алып жатыр. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.

2 мамырда түнгі сағат 23:00 шамасында аудан орталығы Мырзакент кентінде екінші рет дабыл қағылып, 12 мыңнан аса адам Атакент кентіне эвакуацияланған. Мырзакенттің шеткі көшелеріне су кіре бастаған.

Сенбі күні таңертең кентте тұрғындар эвакуацияланып, кешке үйлеріне қайтуға рұқсат берілген болатын.

2 мамыр күні таңертең Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылын толық су шайып кетті. Түстен кейін ондағы ондаған үй құлаған. Екі ауыл да Өзбекстан шекарасынан 2-3 шақырым қашықта орналасқан.

1 мамыр күні Өзбекстанның Сардоба су қоймасында бөгет жарылып, айналасындағы ауылдарды су шайып кетті. Түстен кейін су Қазақстанның Мақтарал ауданына жетті.

Видео: Мақтаралда бірнеше ауылды су басты. Қазір ахуал қалай? (2 мамыр 2020 жыл).

Мақтаралда бірнеше ауылды су басты. Қазір ахуал қалай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:07 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG