Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында тұрғындар қақтығысты. Бір-біріне тас атқан, үйлер өртенген, жаралылар бар


Қырғыз-өзбек шекарасындағы жанжал. Чечме, Қырғызстан, 31 мамыр 2020 жыл
Қырғыз-өзбек шекарасындағы жанжал. Чечме, Қырғызстан, 31 мамыр 2020 жыл

Кеше 31 мамырда Қырғызстанның Баткен облысында, Өзбекстанға қарасты Сох анклавымен шекарада, екі жақтың тұрғындары арасында қақтығыс болған. Олар бір-біріне тас лақтырған, екі жақтан да бірнеше үй өртенген. Жараланғандар бар. Өзбекстан шекара қызметі жағдайдың бақылауда деп хабарлады.

Баткен облысы әкімшілігінің хабарлауынша, Қырғызстанның Чечме ауылы мен Өзбекстанның Сох анклавындағы Чашма ауылы тұрғындары арасындағы қақтығыс 12:30 шамасында басталған. Жанжал Чечме бұлағын бірлесе тазалау кезінде бұлақтың кімге тиесілі екені жөніндегі даудан басталған. Қырғызстанның вице-премьері Акрам Мадумаровтың Азаттықтың Қырғыз қызметіне айтуынша, екі жақтың тұрғындары бұлақты жыл сайын бірге тазалайды. "Жер телімі даулы саналады, бұлақты екі жақ та пайдаланады, сол себепті жанжал жиі болады. Жағдайдың ушығуына жол бермейміз" деген ол қақтығыстан бір күн бұрын.

Өзбекстанның шекара қызметі кешкі 6:30 шамасында Telegram каналында шиеленісті шешу үшін екі елдің жауапты өкілдері кездесті деп хабарлады. "Қазір жағдай бақылауда. Жанжалдың себептері мен салдарын жою бойынша жұмыстар жүріп жатыр" делінген хабарламада.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы жанжал. Сох анклавы. 31 мамыр 2020 жыл
Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы жанжал. Сох анклавы. 31 мамыр 2020 жыл

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың бір-біріне тас лақтыруы 19:30-да әлі тоқтамаған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жарақат алғандарға көмек көрсетіп жатқан.

"Милиция қызметкерлері адамдарды тоқтатуға тырысып жатыр, бірақ қолдарынан келер емес. Қару қолданылмаған, бірақ тараптар тас лақтырып жатыр. Адамдардың аяқтары, бастары, қолдары жараланып жатыр. Оларға медиктер қызмет көрсетіп жатыр. Үш жерден өрт көріп тұрмын – екеуі өзбек жағынан, біреуі қырғыз жағынан" деді Қырғыз қызметінің тілшісі.

Кешкі 10:00 шамасында Қырғызстанның Қадамжай ауданы әкімі Алгынбай Имаров Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қырғызстан мен Өзбекстан шекарадағы жағдайды бірге бақылауға және заңсыз әрекеттердің алдын алуға келіскенін айтты.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрі оқиға барысында 15 адамның зардап шеккенін хабарлады. Олар Айдаркен қаласының ауруханасына түскен.

Қырғызстандағы Чечме ауылының Сох анклавымен шекарадағы жанжал кезінде жараланған тұрғыны. 31 мамыр 2020 жыл
Қырғызстандағы Чечме ауылының Сох анклавымен шекарадағы жанжал кезінде жараланған тұрғыны. 31 мамыр 2020 жыл

Сох анклавының тұрғыны Азаттықтың Өзбек қызметіне 16 өзбек азаматының жараланғанын айтты.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасы – 1379 шақырым. Оның 5 пайызына делимитация жасалмаған. Сох анклавының шекарасы соған кіреді. Сол себепті жер және су ресурстары жөніндегі даулар жиі болады.

1 мамырда ол жерде жайылым үшін дау туып, Қырғызстан шекарашылары ескерту оғын атқан.

Оқи отырыңыз: Қырғыз-өзбек шекара түйіні жыл соңына дейін шешіле ме?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG