Accessibility links

Митингілер қарсаңында бас прокуратура тағы ескерту жасады


Бас прокуратура ғимараты. Көрнекі сурет.
Бас прокуратура ғимараты. Көрнекі сурет.

Оппозициялық ұйымдардың 6 маусымға жоспарланған митингілері қарсаңында бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев шараны заңсыз деп атап, жұртты наразылыққа шықпауға шақырды.

Жұма күні жарияланған прокуратура мәлімдемесінде 6 маусымнан бастап елде "Бейбіт жиын туралы" заң күшіне енетіні жазылып, онда митинг, шеру өткізу тәртібі түсіндірілген. Халықаралық ұйымдар мен жергілікті құқық қорғаушылар өткір сынаған бейбіт жиын туралы заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айының соңында қол қойған еді.

Қазақстан бас прокуратурасының сайтында жарияланған Дембаев мәлімдемесінде 6 маусымға белгіленген митингі заңсыз, ал оған қатысу әкімшілік жазаға әкелуі мүмкін делінген.

Бұған дейін тіркелмеген "Демократиялық партия" және шетелде тұрып жатқан экс-банкир, оппозициялық саясаткер, билікті сынаушы Мұхтар Әблязов жақтастарын 6 маусымда митингіге шығуға шақырған.

Митингілер қарсаңында әр аймақта белсенділерге қысым күшейіп, ұстала бастаған.

Қарай отырыңыз: Митинг қарсаңында белсенділер ұсталды, кейбірі әскерге шақырылды (4 маусым 2020 жыл).

Митинг қарсаңында белсенділер ұсталды, кейбірі әскерге шақырылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:03 0:00

Халықаралық ұйымдар сынаған бейбіт жиын туралы жаңа заңға сәйкес, митинг, шеру ұйымдастыру үшін азаматтар 5-10 күн бұрын жергілікті билікке өтініш түсіріп, хабарлама жіберуі тиіс. Жиын алдын ала белгіленген орындарда өтуі керек. Кездейсоқ акцияларға тыйым салынған. Билік әдетте рұқсат берілмеген митингінің бәрін "заңсыз" деп тауып, қатысушыларын ұстайды және жауапқа тартады.

Мамыр айының соңында халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстанда бейбіт жиын туралы жаңа заң қабылданғанмен еркін жиналу құқығы шектеулі күйде қалды деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: "Баяғы шектеу, болмашы өзгеріс". Митинг туралы жаңа заңды сынаушылар көбейді

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG