Accessibility links

Жалпы статистикаға кірмейтін "коронавирус симптомдары жоқ" 816 тасымалдаушы тіркелді


Медқызметкер коронавирустың бар-жоғын анықтайтынн мобильді тестілеу орталығында ПТР талдауына қажет сілекей үлгісін алып жатыр. Алматы, 17 маусым 2020 жыл.
Медқызметкер коронавирустың бар-жоғын анықтайтынн мобильді тестілеу орталығында ПТР талдауына қажет сілекей үлгісін алып жатыр. Алматы, 17 маусым 2020 жыл.

22 маусым күні Қазақстанда COVID-19 ауру белгілері жоқ 816 адамнан анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Аймақ бойынша көш басында – Атырау облысы (125 адам), Алматы облысы (85) және Қарағанды облысы (84).

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1144 (+58)
  • Алматы қаласы - 1274 (+49)
  • Шымкент қаласы - 1027 (+55)
  • Ақмола облысы - 302 (+41)
  • Ақтөбе облысы - 345 (+38)
  • Алматы облысы - 721 (+85)
  • Атырау облысы - 1186 (+125)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 316 (+10)
  • Жамбыл облысы - 344 (+56)
  • Батыс Қазақстан облысы - 705 (+44)
  • Қарағанды облысы - 1526 (+84)
  • Қостанай облысы - 243 (+62)
  • Қызылорда облысы - 288 (+40)
  • Маңғыстау облысы - 300 (+5)
  • Павлодар облысы - 136 (+14)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 296 (+25)
  • Түркістан облысы - 472 (+25)

Қазақстан билігі 3 маусымнан бері коронавирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есептеп келеді. Ауру белгілері барын “ауырғандар”, жоғын “тасымалдаушы” деп атады. Билік соңғысын вирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына кіргізбей отыр.

3 маусымнан бері 10 625 "тасымалдаушы" тіркелген. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны - 28 856.

"Тасымалдаушылар" саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі өткен демалыста Қазақстанның көптеген аймағында жекеменшік зертханалар ПТР талдауын жүргізбеді. Тұрғындар тарапынан ПТР талдауын жасатудың қиындап кеткені туралы шағымдар айтылды. Оның үстіне денсаулық сақтау министрлігі ауру белгісі болмаса, ПТР талдауын жасатпауға шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG