Accessibility links

Қазақстанда коронавирус өршіген тұста денсаулық сақтау министрі ауысты


Алексей Цой, Қазақстан денсаулық сақтау министрі
Алексей Цой, Қазақстан денсаулық сақтау министрі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ал Елжан Біртанов бұл қызметтен босатылды.

Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті Цойдың министр болып тағайындалғанын мақұлдады.

Елде денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясы күшейген тұста ауысты. 14 маусымда Біртановтың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Оған "пневмония" диагнозы қойылған. Біртанов емделіп жатқанда Цой денсаулық сақтау министрі міндетін атқарған.

Біртанов Facebook парақшасында "дерттен емделуі керегін" айтып, Тоқаевқа өзі қызметтен босату туралы арыз бергенін жазды.

43 жастағы Цой Шымкент қаласында туған. Медицина ғылымдарының кандидаты. Эндоскопист дәрігер болған. Бұған дейін мемлекеттік және бизнес саласында менеджерлік қызмет атқарған.

Біртанов елде мамырдың соңында коронавирус жұқтырғандар бес мыңнан асады деген. Бірақ елде маусымның басында вирус жұқтырғандар күрт өсіп, қазір 32 мыңға жуықтады. Коронавирустан 134 адам қайтыс болды.

Қазір елдегі ауруханаларда орын тапшы. Анализ тапсыра алмай жүрген жұрттың қарасы да көп. Биліктің мәліметінше, Алматы мен Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруханалардың 90 пайызы толған. Министрлік вирус өршіген тұста жоспарланған операцияларды, басқа дертке шалдыққандарды ауруханаға жатқызуды кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз: "Билік қауқарсыз, жұрт жауапсыз". Індет неге өршіді? Вирусты қалай тоқтатуға болады?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG