Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Түркіменстан елде коронавирус барын мойындамай, халық денсаулығына қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеді.
27 маусымда ұйым түркімен билігін елдегі індет туралы ақпаратты жинап, жариялауға, халықтың тестен өтуіне жағдай жасап, денсаулық сақтау саласы мамандарына қысым жасауды тоқтатуға шақырды.
Оқи отырыңыз: Түркімен "дәрігерлері елде COVID-19 індеті ушығып тұр" дейді. Билік вирустың жайылғанын терістеп әлек
Түркіменістан - елде коронавирус барын мойындамай отырған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі.
"COVID-19 туралы бар шындықты жасырған Түркіменстан үкіметі сәт сайын адамдардың өмірі мен денсаулығын қауіпке тігіп отыр. Билік ессіз әрекетін тоқтатып, денсаулық сақтау саласында шұғыл қажетті шара қолдану қажет" деді Human Rights Watch ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Рейчел Дэнбер.
ПІКІРЛЕР