Әлемді жайлаған коронавирус індеті Қазақстанда да көптеген адамның өмірін алды. Мамырдан бері COVID-19 және пневмония дертінен көз жұмған қазақстандықтардың тізімін жасадық. Бұл тізімді біз марқұмдардың жақындары ұсынған ақпараттары негізінде дайындадық.
Тізімдегі марқұмдар саны: 236
БҚО Теректі ауданы Новопавловка ауылында тұрған. Жақындарының сөзінше, екі жақты пневмониядан қайтыс болды. Марқұмның бес баласы қалды. Қызы "ауруханада тиісті көмек алмағанын" айтады.
Өмірден өткен соң бірінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды. Қызының жазғаны: Демалысы толық аяқталмай тұрып жұмысқа шығып кетті. Жұмыс деп соңғы кездері отбасына да жеткілікті көңіл бөлмей кетіп еді. Анашым ақылшым еді. Бәріне ақылын айтып отыратын, ұрысқа жақын адам емес еді, жұмысына адал еді. Бұрымы мен көк көзіне бәрінің көзі түсетін. Артында күйеуі, үш қызы мен немерелері қалды. Немерелерінің қызығын көретін шақты дүниеден озды. Немерелері апасын сағынып жүр. Суретін көрсе сүйіп алады. Өте еңбекқор кісі еді. Жаның жаннатта болсын, анашым.
Жақындарының жазғаны: Асыл жар, төрт баланың ардақты әкесі еді, халқына адал қызмет еткен. Асқар тауымыз Азамат, Алла алдыңнан жарылқап, жаның жаннатта болсын, жарқын бейнең мәңгі есімізде...
Павлодар қаласы авиация қауіпсіздігі қызметінде жұмыс істеген.
Екібастұз қаласындағы №3 емхананың кіші медициналық қызметкері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Өмірден өткен соң екінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.
Шымкент қаласының тумасы.
Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының медбикесі. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды
Отбасы әкесі мен баласы Геннадий және Александр Акашевтердің қаза тапқаны туралы дерек жіберді.
Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.
Шымкент қаласының тумасы.
Немересінің жазғаны: Әжеміз отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы болатын. Көзі тірі кезігде ағайын- туыстың бірлігін, татулығын сақтап тұрған сыйлы ана, қайратты әже бұл дерт болмағанда 100 жасайтын еді! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Әжеміздің жасын берсін!
Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғыны
Аманкүл Ағабаеваның қызы Айжан Ергешова анасына деп өздері сатып әкеліп берген оттегі баллонын аурухана қызметкерлерінің басқа науқасқа қосқанын көргенін айтып, Facebook желісінде пост жазған. Кейін осы шудан соң аурухананың бас дәрігері қызметтен кеткені белгілі болды.
Қызылорда қаласында қайтыс болды.
Марқұм Шымкентте теміржол саласында жұмыс істеген.
Оспанов атындағы БҚММУ фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының профессоры болған. Жарының жазғаны: Қамқор әке, сенімді әрі әділ дос, жақсы әріптес еді. Өмірін медицинаға арнап, талай адамды құтқарды.
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері
Марқұм Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тұрған. Туыстары "медициналық көмек дер кезінде көрсетілмегенін" айтады. Артында жұбайы, 2 баласы және немерелері қалды. Балалары "әкеміз мағыналы өмірімен қоса шуақты шаңырақтың алтын діңгегі болатын. Өмірде адамгершілігімен айналасына азаматтық іс-әрекетімен қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған ардақты адам еді, мақтанышымыз еді" деп жазады.
Туыстарының жазғаны: Ешқашан ұмытпаймыз. Құрметпен, жары Сағадат, балалары Раушан, Мұрат және Мұхтар.
Жақындарының жазғаны: Жағдайы күрт нашарлап Алматыдағы #1 ауруханаға жатқызған едік. Сол жақта марқұм болды...
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін филология мамандығы бойынша тәмамдаған еді.
Баласының жазғаны: Әкеміз Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы болды. Конституцияға сай, мемлекет өз азаматтарын қорғау тиіс қой. Бірақ бізге көмек керек кезде ештеңе ала алмадық. Ауруханада қабылдамады, тыныс алу аппараты, дәрі жоқ провизорлық орталыққа жіберді. Дәріні де, кислород баллонын да өзіміз тасыдық. Әкеміз алтын адам еді, ғалым, сүйікті әке және сүйікті жар еді. Қте мейірімді, адамдардан тек жақсылықты көретін. Құдай оған ұзақ өмір бермеді, бәлкім оған да жақсы адам керек шығар. Әке, біз сізді өте қатты жақсы көреміз. Сіз сияқты әкеміз болғанына мақтанамыз. Әрқашан жүрегіміздесіз. Жаның жәннатта болсын!
Күйеуінің сөзінше, босанып, баласын өмірге аман-есен әкелген соң жағдайы күрт төмендеп кеткен. Талдықорған қаласында Алматы облыстық ауруханада реанимацияда, жасанды тыныс алу аппаратында 18 күн жатып, қайтыс болған.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданының орталығында туған. Ембі аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері болып істеген. 24 маусымда үш күн ауырып қайтыс болды.
Баласының жазғаны: Атырау облысында қайтыс болды. Əкем өте ақкөңіл, көркем мінезді жан еді. Өзі балажан. Ортаның адамы. Əкемнің орны ойсырап тұр. Тірегіміз,панамыз едіғой. Əкемді қатты сағындым. Дəрігерлер тарапынан дер кезінде көмек көрсетілгенде əкемнен айырылмас едім. Əкелік жылуын аямаған жан əкем-ау. Жаныңыз жəннатта болсын.
Жақынының жазғаны: Артында төрт баласы қалды. Өте адал, мейірімді жан еді…
Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Парасат” орденімен марапатталды
Атырау Қызылқоға Миялы ауылынан.
Алматы облысында қайтыс болды.
Марқұм Түркістан қаласында пульмонолог дәрігер болған.
Шымкенттегі қалалық диагностикалық орталығының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Өмірден өткен соң бірінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.
Белгілі дизайнер. Алматы қаласында тұрған. Көктемде елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілгенде әріптестерімен бірге жұртқа маска тіккен.
Бибиғайша Арзықұлова мен 38 жастағы баласы Мереке Арзықұлов пневмониядан қайтыс болды. "24 маусымда Ақтөбе қаласындағы медициналық орталықтық провизорлық бөлімшесіне пневмониямен ауырып емделуге жатып, 5 шілдеде жансақтау бөлімінде комаға түсіп, қайтыс болды. Өзінің ақжарқын мінезімен, ақкөңілділігімен, кішіпейілділігімен, қайырымдылығымен, жеңіл әзіл-қалжыңымен айналасындағы адамдармен тез тіл табысып, жүрген ортасында қадірлі де, сыйлы болатын. Сұм ажал ортамыздан ертерек, ойламаған жерден алып кетті. Аяулы жарымның, келініндерім мен баламның анасының, немерелерімнің әжесінің жарқын бейнесі мәңгілік ұмытылмайды. Бір өкініштісі, өзінен 8 күн бұрын ғана осы ауруханаханада қайтыс болған тұла бойы тұңғышы Мерекенің де дүниеден өткенін естірте алмай қалдық" деп жазады күйеуі.
Туыстарының сөзінше, көктемде карантин кезінде Қытайға қатынаған ұшаққа командир болған ұшқыш. Вирус тараған Ухань қаласынан қазақстандық студенттерді эвакуациялаған ұшақ рөлінде болған. Жұбайы "денсаулығын жұмыста жүріп нашарлатып алды" дейді.
Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Жақындарының жазғаны: Туыстары мен жақындары үшін орны толмас қайғы. Қамқор жар, әке, ата еді.
Семей қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының санитары. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Ақтөбе қаласының тұрғыны. Балаларының жазғаны: Өте жақсы жар, ана, әже еді. Әрқашан жадымызда!
Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Парасат” орденімен марапатталды.
Отбасы әкесі мен баласы Геннадий және Александр Акашевтердің қаза тапқаны туралы дерек жіберді. Қызының жазғаны: Менің ең сүйікті әкешім! Сүйікті жар, ең жақсы ата еді!
Шымкентте қайтыс болды.
Баласының жазғаны: Анам Өскемендегі аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәріні дер кезінде таба алмадық. Әрең тауып апарғанымызда көмектеспеді, кеш болды не салмады. Бізге ештеңе түсіндірген жоқ. Өте көңілді жан еді. Өте қымбат адамымызды жоғалттық.
Павлодар облысы № 1 емханасының орта медицина қызметкері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Туыстарының жазуынша, ауруханада жасанды тыныс алу аппараты жетпеген.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Черняевка ауылында тұрған.
Балаларының жазғаны: Қарағанды облысы Ақжал ауылындағы мектепте 40 жылдай білім берген. 9 жылдай мектеп директоры болды. Анам өте ашық жарқын, бәрімен тіл табысып жүретін жан еді. Айналасында сыйлы жан болды. Өте қымбат жанды жоғалттық. Анашым, мәңгі есімізде қаласыз.
Жақынының сөзінше, 25 маусымда Ақтөбе медициналық центрінде қайтыс болды
Өмірден өткен соң “Құрмет” орденімен марапатталды. Ұлының жазғаны: Әкем туған күні, 10 шілдеде Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде өмірден өтті. Осы ауруханада 1982 жылдан бері рентгенолог болып жұмыс істеді.
Туркістан облысының тексеру комиссиясы әкімшілік-ақпараттық қауіпсіздік және персоналды басқару бөлімінің бас маманы болған.
Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Өмірден өткен соң бірінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.
Ұлттық ғылым академиясының, Нью-Йорк ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Қостанай облысы Жітіқара аудандық ауруханасына қарасты №9 орта мектебінің медбикесі. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Баласының жазғаны: Алматы қаласында 4-ауруханада көз жұмды. Әкеміз жақсы адам еді. Түркістан қаласындағы училищеде математика пәнінен сабақ берді. Анаммен бірге үш ұл, алты қыз тәрбиелеп өсірген жан. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере, шөбере сүйген сүйікті ата еді.
Артында жұбайы, ұлы, үш қызы мен бес немересі қалды. Қызы "әкем ақкөңіл, ешкімге зияны жоқ, ешқашан жұмыс таңдамай енбек еткен, бәрін ойлап, көмек беріп жүретін адам болды" дейді.
Шымкент қаласының тумасы.
Қызының жазғаны: Әкеміз өмірде өте ақкөңіл, мейірімді, жүрегі жұмсақ, қолы ашық, ешкімнен көмегін аямайтын, әулетіміздің жарқын жұлдызы еді. Артында жары, төрт қызы мен бір ұлы қалды. Өмірде өте көңілді жүретін әкемізден ойда жоқта айырылып қалдық. Бар-жоғы ауруханада жеті күн жатты. Өзінің қиналып жатқанын бізге білдірмеді. Білгенімізді қоштасып, қолынан бір сүйер едік. Көңілімізде өкініш қалды. Орны толмас өкініш. Әкемізге деген сағынышымызды сөзбен жеткізу өте қиын.
Әйелінің жазғаны: Ең жақсы жар, әке, ұл және аға еді. Мәңгі жүрегімізде қалады.
Баласының жазғаны: Әкем 17 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының 1-ауруханасына басқа дерт бойынша операция жасауға жатқызылды. 22 маусым күні операцияға кіреді. Операциясы сәтті өтті, келесі күні кешке 1-аурухана короновируспен ауырғандарды емдейтін инфекциялық аурухана болады деп жауып, ондағы басқа науқастарды 2-қалалық ауруханаға түнделетіп көшірген. Әкем 2-қалалық ауруханада операциядан кейінгі ем-домын алып жатты. Сол күндері әкемде дене қызуы болды, бірақ дәрігер оны инфекцияның әсерінен деп түсіндірді де, антибиотикті жалғастырамыз деді. Операция жасалғаннан күннен бастап есептегенде, бесінші күні әкемде коронавирус сипмтомдары байқалған болуы керек, әкемнің өкпесін аппаратқа түсірді. Дәрігер өкпесінде өзгерістің барын айтқан, бірақ зақымдану пайызын көрсетпеген. 29 маусым күні әкемді коронавирс жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен жеке палатаға шығарып, оқшаулаған. «Анализ аламыз» деді. Бірақ екі күн күттік, «тест болмай жатыр» деді. Сол күндері әкемде күйзеліс, қорқыныш болды. Бұрындары жүрегі де ауыратын. 31 маусым күні әкемде таңертең системадан кейін ентікпе басталып, жансақтау бөліміне кислородқа қосылады. Ауруханада карантин болғандықтан, ішке кіргізбейді. Сол күні түнде әкемді жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Аппаратта үш күн жатып, 4 шілде күні кешке қайтыс болады.
Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген. Мәскеудегі 1980 жылғы олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 48 килограмм салмақта чемпион атанған. Балуан олимпиададан соң 1981 жылы әлем біріншілігінде де алтын медаль алды.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қайтыс болды.
Бауырларының жазғаны: Қош бол, Жанат аға! Сәнқой, әдемі бауырым! Жалғыздықтан ашылмады-ау бағың! Емханаға барып, тап болдың-ау ажалыңа! Туған жердің топырағы бұйырмай, Алла жазды саған алыстан басқа жерді! Алла, жар болшы менің бауырыма! Жаның жаннатта болсын, бауырым! Құран оқып еске аламын өзіңді!
Туыстары "денсаулығына шағынған емес" дейді. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтанған. 12 маусымда сырқаттанып қалып, 25 маусымда Қарағанды ауруханасында жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Туыстары ауруханада тиісті препарат болмағанын айтады.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қайтыс болды.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны.
Шымкенттегі провизорлық орталықта қайтыс болды. Баласы "анам парасатты, өте мейірімді кісі еді" деп жазады.
Алматы облысы Талғар ауданы әкімі.
Атырау облыстық № 2 ауруханасының инфекционисі. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды
Түркістан облысы Шорнақ ауылында тұрған. Сырқаттанып қалып, үйінде емделіп, укол салдырып жүрген. Туыстары "ауырып қалған соң шамамен бір аптадан кейін көз жұмды" дейді.
Туыстары "Бес күн оттегі аппаратының көмегімен демалып жатты" дейді.
Жақындарының жазғаны: Ең мейірімді, ең ашық және әділ адам. Сүйікті әке, ардақты жұбай, аға… Сен барда әлем мейірімдірек еді.
Балаларының жазғаны: Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Шұбартау өңірінің тумасы. Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы ауруханада небары үш күн ішінде қайтыс болған. Қызының жазғаны: Ардақты әкеміз Шұбартау өңіріне еңбегі сіңген, сыйлы азамат еді. Жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын!
Қарындасының жазғаны: Ағамыз, әкеміз, атамыз кетті… Біз үшін қымбат жанның өмірі неге бұлай күрт тоқтады? Ауыр, өте ауыр. Кешір, Ислам! Соңғы минуттарыңда іні-қарындасың қасыңда бола алмағанын кешір… Сүйікті немелерің ақтық сапарға шығарып сала алмағаны үшін кешір… Мәңгі жүрегіміздесің! Иманды бол!
Түркістан қаласында қайтыс болды.
Қызылорда облысы Қазалы ауданы ауруханасында инфекционист болған.
Атырау облысы Индер ауданы Аққала ауылында қайтыс болды.
Жақындарының жазғаны:
Сұм тағдыр, кімді жарға құлатпадың
Кімді еңіретіп жылатпадың?
Жүріп едің алдымызда асқар болып,
Қай жерге, қайда барып тұрақтадың?
Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы консерваториясын бітірген. 1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды.
Жақындарының жазғаны: Мейірімді адам еді. Совет уақытында интернатта өсті.
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық ауруханасының орта медицина қызметкері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды
Туыстарының айтуынша, 18 маусымда ауруханаға түсіп, 3 шілдеде пневмониядан көз жұмды.
Шымкентте ауруханада қайтыс болды.
Нұр-Cұлтандағы № 1 қалалық ауруханасында қайтыс болды.
Немересінің жазғаны: Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан едіңіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп - баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. Сіз мәңгі біздің жүрегіміздесіз. Жатқан жеріңіз жайлы топырағыңыз торқа болсын, әжетайым!
Алматы облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы. Өмірден өткен соң екінші дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды.
Қызының жазғаны: Әкем Алматыдағы ауруханада қайтыс болды. Өте еңбекқор, ақ еділ жан еді. Халық үшін қалтқысыз қызмет жасап жүрген еді.
Жақындарының сөзінше, өкпесі толықтай қабынған. Үйде жатқанда екі күн жедел жәрдем келмеген соң, туыстары 23 маусымда Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасына жеткізген. Қарындасы “таныстарымыз арқылы әрең дегенде жан сақтау бөліміне жатқыздық” дейді. Сөзінше, марқұм өзін-өзі құтқарған. Оттегіні өзі қосып алып жүрген. “Ауруханада бір ғана оттегі кілті болған соң” туыстары кілт сатып апарып берген. Жақындары мұны “үкіметтің масқарасы” дейді.
Туысының сөзінше, марқұм вирусты жедел жәрдем көлігін жүргізіп жүріп жұқтырған.
Павлодар облысында қайтыс болды.
Жақынының жазғаны: Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. "Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс белгісін тақты. Әлемді жайлаған коронавирус Ақтөбе жұртын да айналып өткен жоқ. Ақтөбелік дәрігерлер де жалаңаш қолдарымен қауіпті дертпен күресті. Індет ел арасын жайлап кетпес үшін блокпостарда тұрды. Міне, сондай алдыңғы саптағы ақ халатты абзал жандардың ішінде Қаламқас Саматқызы да бар еді. Бірақ кезекті еңбек демалысын алып, өзі жақсы көретін, үнемі сағынып тұратын Алматысына 5 шілде күні құстай ұшып келіп еді... Өкініштісі сол, қаншама халықты ажалынан арашалап, денсаулығының жақсаруына дәнекер болған ақ жүректі, ақ пейілді, көптің сүйікті дәрігері Қаламқас дәрігердің ажалына араша табылмады. Иманды болғайсың, ақ халатының жағасын кірлетпей өткен ақ жүрегім, абзал жаным, Қаламқас апа!
Қайтыс болған соң "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапатталды.
Марқұм Нұр-Сұлтанда тұрған.
Маңғыстау облысы Тұпқараға ауданының тұрғыны. Балаларының жазғаны: Әкеміздің артында анамыз және төрт баласы қалды. Әкемізге алғысымыз шексіз. Осы жасқа келгенше жұрт тамсанарлыұ істері көп болды. Ақкөңіл, өте жанашыр адам еді. Әкемізден тез айырылып қаламыз деп ойламадық. Ауруханада 12 күн жатып, шықты. Одан кейін екі күннен кейін қайтыс болды.
Талдықорған қаласында тұрған.
Туыстарының жазуынша, Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы ауруханада жатып, кейін үйге шыққан соң қайтыс болған.
Алматы облысы Қаскелен қаласында тұрған. Шілденің басында күйеуі Батырбек Қойшыбаев та қайтыс болған.
Балаларының арнауы:
Мейріміңе пір тұтып қарап едім,
Әр сөзіңді ақыл деп санап едім.
Бірақ сәтте айрылып жан анамнан,
Жоқтау айтып артыңда қала бердім.
Ұлының жазғаны: Ол менің сырласым, ақылшым еді. Асқар тауым еді. Не істесем де, сол кісімен акылдасушы едім. Жерлегеннен кейін, аспан жылағандай күн күркіреп, жаңбыр аямай құйды. Дәрі дәрмек жеткілікті болса, әкеміз аман қалар ма еді…
Ақтөбе қаласында қайтыс болды.
Атырау облысы Балықшы ауданы Жұмыскер ауылында туған. Ақтөбеде екі жақты пневмониядан қайтыс болды. Әйелінің сөзінше, қызуы 38 градус болып, түсіре алмаған соң дәрігерлерге жүгінген. Олар сырттай емдеген. Екі курс антибиотик қабылдаған: бірін ішіп, бірін ине ретінде салған.
Қазақстанның мәдениет қайраткері әрі филология ғылымының кандидаты. Ол 1961 жылы Моңғолияда туған. Сол елдің мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, көркем аудармамен айналысқан. Журналист билікке сыни көзқарастарын ашық білдіріп жүретін.
Жақындарының жазғаны: Қызылорда облысы, Арал өңірінің тумасы. Еңбек жолын Байқоңыр қаласында бастап, сол жерде қоныстанған. Артында жұбайы, ұл-қыздары, немерелері қалды. Біз Сізді ешқашан ұмытпаймыз! Жаныңыз жәннатта болсын!
Маңғыстау облысында қайтыс болды. Балаларының жазғаны: Әкеміздің артында анамыз, екі ұлы, үш қызы қалды. Әкеміз өте қарапайым жан еді. Адамға тек жақсылық ойлап, үлкен-кішіні құрметтеп жүретін. Әкемізден тез айырыламыз деп ойламадық. Әкешім-ау, алдыңнан жарылқасын!
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы туберкулез ауруханасында рентгенолог болып жұмыс істеген.
Шымкент қаласында қайтыс болды. Марқұм "Батыр ана" орденінің иегері еді. Шымкенттегі көзі нашар көретін және зағиптарға арналған облыстық кітапханада 39 жыл кітапханашы болып істеген. Бес бала өсіріп, 14 немере сүйді.
Қызының айтқаны: Анаммен қоштасып үлгере де алмадық. Әлі күнге дейін сене алмай жүрміз. Қайғыдан қан жұтып отырмыз. Жоқтап жыламаған күніміз жоқ…
Жақындарының жазғаны: Көңілді ашық, жүрген жерін думанға бөлеп жүруші еді және өте балажан болатын.
Байқоңырда туған. Ақтөбе облысы Хромтау қаласында тұрған. Туыстарының сөзінше, марқұмның аяғы ауыр болған. Артында күйеуі, 7 жасар қызы мен 3 жасар ұлы қалды. Туыстары "өте ақкөңіл, бауырларына жанашыр, қолдан келген көмегін аямайтын адам еді" деп сипаттайды.
Ұлының жазғаны: Менің анам өте ақкөңіл, жарқын жан еді. 1 маусымда дүниеге келген, сондықтан болар балаларды өте қатты жақсы көрді. Өзінің туған күнінен 28 күн өткенде пневмониядан көз жұмды. Анашым, сіз біздің жүрегіміздесіз.
Келінінің жазғаны: Шілдеде отбасымыз екі жақын жанынан айырылды. Ең мейірімді, қамқор енемнен, екі аптадан соң жан жарым, ұлымның әкесі, ең қайырымды, қамқор күйеуім өмірден өтті. Өте ауыр, жақындарымның арамыздан кеткеніне сене алар емеспін.
Ақтөбенің Шалқар қаласында туған. Шымкентте қайтыс болды. Артында күйеуі, үш қызы мен бес немересі қалды. "Желтоқсан қаһарманы" орденімен марапатталған.
Әйелінің жазғаны: Шілдеде отбасымыз екі жақын жанынан айырылды. Ең мейірімді, қамқор енемнен, екі аптадан соң жан жарым, ұлымның әкесі, ең қайырымды, қамқор күйеуім өмірден өтті. Өте ауыр, жақындарымның арамыздан кеткеніне сене алар емеспін.
"ЕмдіМұнайГаз" компаниясының заң департаменті директорының орынбасары болған
Туыстарының сөзінше, Алматы облысы Байсерке ауылындағы ауруханада көз жұмды. Марқұмды дәлізге жатқызған. Дәрігер мен медбике тапшы болған. Жақындары астанадан дәрі алдырғанымен, науқасты аман алып қала алмаған.
Туысқанының жазғаны: Вирус жұқтыру қаупіне қарамастан ол ЛОР-дәрігер ретінде төтенше жағдай кезінде аянбай еңбектеніп, өзі коронавирус жұқтырып алды. Көп жыл бойы әр науқастың жағдайына қараған дәрігер өз өмірінің соңғы сәтінде тиісті ем-дом ала алмады. 23 шілдеде Марат Биғалиұлы коронавирустан қайтыс болды. Артында жары, балалары, немерелері қалды.
Баласының жазғаны: 40 жылға жуық медицина саласында әртүрлі лауазымда қызмет еткен. Дәрігерден бастап медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау саласының бас маманы деңгейіне дейін өскен. Өмірін ізгілікке арнаған, аяулы жар, асқар тау әке, туған-туысқа жанашыр, айналасына сыйлы-мейірбан, қызметіне аса зор жауапкершілікпен қарайтын адал азамат болды. Соңғы күндерінде Шымкент қаласындағы Асар ықшам ауданында ашылған жаңа модульді аурухананың жан сақтау бөлімінде жатты.
Марқұм 37 жыл Абай атындағы опера және балет театрында опера әртісі болып жұмыс істеген. Қызының сөзінше, биыл зейнетке шығу керек еді.
Ақтөбе медициналық орталығында мемлекеттік сатып алу бойынша бухгалтер қызметін атқарды. Мереке Арзықұлов пен анасы Бибиғайша Арзықұлова пневмониядан қайтыс болды. "2020 жылдың 24 маусымда Ақтөбе қаласындағы медициналық орталықтық провизорлық бөлімшесіне пневмониямен ауырып емделуге жатып, 27 маусымда жансақтау бөлімінде таңғы сағат 6-ларда кислородтың таусылып қалуына байланысты тұншығып, тынысы жетпей қайтыс болды. Жанұясында аяғы ауыр әйелі, 5 және 8 жасар қызы қалды. Өмірде өзінің мінезінің сабырлылығымен, ақкөңілдігімен, ұстамдылығымен, қайырымдылығымен, қиыншылыққа төзімділігімен айналасына көптеген достар мен жолдастар жинады. Қай салада жұмыс жасаса да, өзінің біліктілігімен, тиянақтылығымен, істеген ісіне адалдығымен, тазалығымен әріптестерінің арасында зор құрметке, сыйға бөленді. Мезгілсіз үзілген өмірі болашаққа құрған көп ойлары мен армандарының орындалуына мүмкіндік бермей қалды. Мерекенің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады" деп жазады әкесі.
Туыстарының айтуынша, Ақтөбедегі ауруханаға жатқан соң бір күннен кейін сонда қайтыс болған.
Жарының жазғаны: Күйеуім өте мейірімді, әділ адам еді. Еңбек жолында басшылық қызметте болып, қызметкерлердің алғысын алды. Оның жұмысын жоғары бағалайтын. Жақсы жар, қамқор әке әрі ата еті. Өміріміздің, отбасымыздың тірегі еді.
Жұбайының жазғаны: Менің күйеуім ең мейірімді, ақкөңіл адам еді. Көмекке зәру адамға жоқ деген кезі болмаған. Бәрі құрметтеп, жақсы көретін. Артында үш баласы қалды. Айналдырған бірнеше күннің ішінде айырылып қалғанымызға әлі сенбейміз. Өте ауыр қайғы. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сен лайықты өмір сүріп, ғасырға жетер естелік қалдырдың. Жаның жай тауып, тыныш ұйықта, қымбаттым. Жақсы көреміз. Есіміздесің. Аза тұтамыз.
Тараз тұрғыны. Баласының жазғаны: Анам екі апта ауруханада жатты. Соңғы аптада жансақтау бөлімінде болды.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында қайтыс болды.
Жұмыста, отбасында өте жауапты адам еді. Қарағанды облысында туған. Мектеп бітірген соң Германияда әскерде болып, кейін елге оралып қызмет істеді. Өмір бойы жұмыс істеп, зейнетке жетпей қалды. Жұбайы екеуі үш бала – екі қыз, бір ұл тәрбиеледі. Сүйікті жар, әке, аға, ата арамыздан кетіп қалғанына қатты қайғырамыз.
Жақындарының жазғаны: Молда, қажы. Қарағанды қаласының Әл-Машани мешітінде жұмыс жасаған. Әкешім өте сыйлы, жарқын адам болған. Артында жұбайы, балалары, немерелері қалды.
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында қайтыс болды. Жақындарының жазғаны: Өмір бойы халқына адал қызмет етіп, Ақши совхозында бас инженер болып істеді. Кейіннен Ақши ауылы әкімдігінде ауыл шаруашылығы бойынша бас маман болды. 2017 жылы зейнетке шықты. Алты бала өсірді. Оның үшеуі - түрлі саладағы ғылым докторлары. Көңілді жүретін жан еді.
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық ауруханасының офтальмологы. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Түркістан облысы Келес ауданында қайтыс болды. Артында әйелі, екі ұл, екі қызы қалды. Марқұм полицей болған.
Алматыда қайтыс болды. Күйеуінің сөзінше, аурухана қабылдамаған соң, үйінде емделген. Дәрігер жазып берген дәрілер табылмаған. "Әрдайым күліп жүретін, мейірімді, ақкөңіл адам еді" дейді.
Қарағанды облысында қайтыс болды. Баласының жазғаны: Облыстық полиция департаментінде жұмыс істеді. Майор шенін алды. Ақкөңіл, жайдары, өмірге сенімі мол жан еді. Өмірді сүйді. Балалары және немерелері сағына еске алады. Әке, сен біздің жүрегімізде мәңгі қаласың!
Семей медицина университетінің госпиталінің дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды
Туыстарының сөзінше, 1 шілдеде жылы Түркістан қаласында коронавирустан қайтыс болды. Қазақстан президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру кабинетінің меңгерушісі болған.
Түркістанда қайтыс болды. Бес қыз, бір ұлы бар. Марқұм мал шаруашылығымен айналысқан.
Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Парасат” орденімен марапатталды.
Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының учаскелік медбикесі. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Парасат” орденімен марапатталды.
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында қайтыс болды.
Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғыны. Туыстарының сөзінше, он баланың әкесі. Қаскелеңдегі ауруханаға жатқызған соң, бес сағаттан кейін көз жұмған. Жансақтау бөлімінде орын болмай, палатаға жатқызған.
Президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Балаларының жазғаны: Алла анамның алдын пейіш қылсын!
Артында жұбайы, екі қызы, бір ұлы қалды.
Ақтауда қайтыс болды.
Жақындарының сөзінше, 39 жыл Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында педиатр болып істеген. Зейнетке шықса да, ауруханаға барып, әріптестеріне көмек беріп жүрген. Үш күн ауырған. "Науқастар онсыз да көп, дәрігерлерді әурелеп не қыламын" деп ауруханаға бармаған. Халі нашарлаған соң, ауруханаға бара жатып, көлікте қайтыс болған. Туыстары "жүрегі жұмсақ, ашық адам еді" дейді.
Жақындарының жазғаны: Тараз каласында қайтыс болды. Туған-туыстарының, құрбы-құрдастарының арасында өте сыйлы адам еді.
Шымкент тумасы.
22 шілде күні Ақтөбе медицина орталығында қайтыс болған
Нұр-Сұлтандағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде отыз жыл, Ақмола электржелілік үлестіру компаниясында он жыл жұмыс істеп, 2016 жылы зейнетке шыққан. Университет, компания қызметкерлері және жақындары, достары, сыныптастары, көршілері, әріптестері Саян Шахманұлының қазасына қайғырып көңіл айтады.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан
Құрбысы Ақмарат Балғынова: Өткен жұма, 10 шілде күні "Сәния комаға түсті" деген хабар алдық. Ұзамай арамыздан кетіп қалды. Есеңгіреп отырмыз. Жұмыс, жұмыс деп шапқылап жүріп, ешқашан демалыс көрмейтін адам еді.
Қызының жазғаны: Әкетайым менің, тірегім, өмірлік кеңесшім… Сенен айырылып, енді мына қайғыны қалай көтерер екенмін. Білмеймін… Жаның жәннатта болсын, иманың жолдас болсын!
Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.
Жақындарының жазғаны: Халқына адал қызмет еткен асқар тауымыз Серік әкеміз асыл жар, бес баланың ардақты әкесі еді. Әкеміз мағыналы өмірмен қоса шуақты шаңырақтың алтын діңгегі болатын. Өмірде адамгершілігімен, азаматтық іс әрекетімен қадірлі болған. Кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған ардақты адам еді, мақтанышымыз еді. Алла алдынан жарылқап, жаның жаннатта болсын. Жарқын бейнең мәңгі есімізде!
Қызылорда облысы Қазалы ауданында қайтыс болды.
Жақындарының арнауы: Өмір сүрген адалдықпен, алдаусыз, Бұл арада жүрек жатыр алғаусыз. Аңқылдаған ақ көңілмен, арманмен, Бақиға да кетті аттанып аңдаусыз...
Туысқанының жазғаны: Әпкем бірінші симптом пайда болған соң жеті күннен кейін өмірден өтті. Пневмония диагнозы қойылды. Бес рет жедел жәрдем шақырдық. Келіп қарап кетті. Жедел жәрдем көлігіне де салды, бірақ ауруханада орын жоқ деп қайта үйге кіргізді. Кейін әпкеме ауа жетпей, оны жансақтау бөліміне әкетті. Бірақ бәрі кеш болды. Өте мейірімді жан еді. Ұлы үшін, біздің отбасымыз үшін орны толмас қайғы.
70 жастағы туған әпкесі Ақырыс Төлеш те (Азаттық тізімінде бар) пневмониядан дүние салған.
Балаларының жазғаны: Анам ақ бұлағым! Өмір бойы мұғалім болып қызмет атқарған. Беделді, абыройлы, ел сыйлаған мейірбан анам! Бес уақыт намазын оқып, иман жолында жүрген. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, артынан өшпес із қалдырды. Сіз мәңгі есіміздесіз, асыл Анам! Аллам өз рақымына алғай.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылының тұрғыны.
Баласының жазғаны: Анам 2002-2009 жылдары Маңғыстау облыстық ауруханасында бухгалтер болып жұмыс істеді. Өмірде сүйген, ақкөңіл, жүзінен нұры шашылған адам еді. Достары, жақындары оны жақсы көрді, ол да барын берді. Бәріне қол ұшын берді. Болашаққа жоспары көп еді. Бірақ пневмония деген дерт оны аямады. Артында екі баласы, әкеміз және немерелері қалды. Қатты сағынамыз, жанымызға анамыз жетіспейді. Анашым, иманды бол! Жаның жәннатта болсын!
Баласының жазғаны: Шымкенттегі ДЦП дертіне шалдыққан балаларға арналған аурухананың күзетшісі болып жұмыс істеді. Ауруханада қайтыс болды. Алла алдыңнан жарылқасын, әкешім!
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Туыстарының сөзінше, 1 шілдеде Алматыда "аппаратта жатып демі үзілген".
7 шілдеде Ақтау қаласындағы провизорлық орталыққа түсті. 11 шілде қайтыс болды.
Балаларының жазғаны: Мама, сіз сондай өмірге құштар, бауырларының, балаларының камын ойлайтын, немерелеріңе жанын салып, жұбайына күш-қуат беретін жан едің. Қимаймыз, сағынамыз, ешқашан ұмытпаймыз. Мәңгі біздің жүрегіміздесің! Мама, жаның жәннаттың төрінде болсын, алдыңнан жарылқасын.
Атырау каласынан. Балаларының жазғаны: Әкемізді ешқашан ұмытпаймыз, иманы жолдас болсын!
Шымкентте теміржол саласында жұмыс істеген.
ШҚО Көкпекті ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласында 21 шілдеде қайтыс болды.
Семей қаласының № 4 емханасының дәрігері. Өмірден өткен соң үшінші дәрежелі “Құрмет” орденімен марапатталды.
Келінінің жазғаны: Жаңаөзен қалалық типографиясында көп жыл қызмет етіп зейнеткерлікке шықты. Алтын енем жаның жәннатта болсын. Қамқоршым, ақылшым еді. Сіздей алтын ене менде деуші едім. Сабырлы, мейірімді жан еді. Асылым, маңдайымда жарқырап тұрған алтын еді. Бұл індет алтынымды, асылымды жұлып алды да кетті. Ажалға қарсы тұра алар кім бар бұл жалғанда?
Марқұм Ақмола облысы Ерейментау ауданында қайтыс болды.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында туған.
Жақындарының жазбасы: Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауылында туған. 22 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Еуразия ұлттық университеті академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры болды. Елге танымал, қызметін, отбасына адал адам еді.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.
Жақындарының жазғаны: Өте мейірімді еді. Оптимист. Стратег. Өз ісінің шебері. Туған жерін сүйіп, жақындарын ешқашан елеусіз қалдырмаған кісі еді. Отбасына ғана емес, басқаларға да қымбат болатын. Бұл өмірде бәріміз қонақпыз. Біздің Төлтебаев Шерім Қарарұлы сыйлы қонақ болды.