Accessibility links

АҚШ Германиядағы әскерінің біраз бөлігін әкетеді


Әскери жаттығу кезінде аумақты күзетіп тұрған Америка сарбаздары. Германия, наурыз айы 2020 жыл.
Әскери жаттығу кезінде аумақты күзетіп тұрған Америка сарбаздары. Германия, наурыз айы 2020 жыл.

АҚШ Германиядан 12 мың сарбазын әкетеді, олардың бір бөлігі Бельгия мен Италияда шоғырланбақ. Пентагонның пікірінше, бұл стратегиялық өзгеріс Ресей әрекетін шектеуге көмектеседі.

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер 29 шілдеде қайта дислокация жасау НАТО-ны нығайтып, АҚШ-тың стратегиялық және жедел қимылдау қабілетін жетілдіре түседі деді. Германияда шоғырланған 34 500 америка сарбазының 6 400-і үйлеріне қайтады, 5 600 сарбаз НАТО-ға мүше елдерде шоғырланбақ.

Президент Дональд Трамп маусым айында АҚШ-тың Таяу Шығыс, Африка, Еуропадағы әскери қимылдарының орталығы саналған Германиядағы әскерін қайта жылдам дислокация жасауды жоспарлап отырғанын айтқан.

Бұған дейін Трамп Еуропаның ауқатты мемлекеттерін НАТО-ға қажетті дәрежеде қаржы бөлмейді деп сынаған.

Трамп хабарламасы Германия үкіметі үшін күтпеген жаңалық болды. Германия АҚШ-тың НАТО бойынша негізгі одақтасымен бұл мәселе бойынша ақылдаспағанын алға тартты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG