Accessibility links

Жемқорлық ісі тергеліп жатқан тұста Испанияның бұрынғы королі елден кетті


Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос бірінші.
Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос бірінші.

Испанияда ірі жемқорлық ісі зерттеліп жатқан тұста елдің бұрынғы королі Хуан Карлос бірінші елден кетті.

Король сарайының мәлімдемесіндегі ақпарат бойынша, Хуан Карлос ұлы қазіргі король Филипп алтыншыға хат жолдап, елден кететінін хабарлаған.

"Испан халқы мен ондағы институттарға және король ретінде өзіңе қызмет ету үшін Испаниядан кеткенді жөн көрдім" делінген король сарайы жіберген хатта.

82 жастағы Хуан Карлос "өткен өміріндегі кейбір жеке оқиғалар" қоғамда резонанс тудырып тұста елден кетуді жөн көрген.

Бұған дейін швейцариялық басылымдардың бірі Хуан Карлостың король болып тұрған кезде Сауд Арабиясы королінен 100 млн доллар көлемінде ақша алғанын жазған еді. Маусым айында Испанияның жоғарғы соты оның Сауд Арабиясындағы теміржол магистралін салу келісіміне қатысы барын зерттей бастаған болатын.

Хуан Карлос адвокаты арқылы түсініктеме беруден бас тартатынын жеткізген. Оның қай елге кеткені белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG