Accessibility links

Бейруттағы жарылыста ондаған адам қаза тапты. Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданды


Бейруттағы жарылыс қалай болды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00

Ливан астанасы Бейрут қаласында 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша кешкі алты шамасында теңіз портында үлкен жарылыс болды. Ел билігі кем дегенде 70 адамның қайтыс болғанын, 4 мыңнан аса адамның жараланғанын хабарлады.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар саны өсуі мүмкін деп мәлімдеді. Елде 5 тамыз қаралы күн деп жарияланды.

Жарылыстан көптеген ғимарат қираған. Көшеде аударылған көліктер, шағылған терезелер, кірпіш, тастар жатыр. Қалада автокөлік қозғалысы да бұзылды. Қала ауруханаларына жараланғандар көптеп түсіп, сыймай жатыр.

Бейруттағы жарылыс. 4 тамыз 2020 жыл.
Бейруттағы жарылыс. 4 тамыз 2020 жыл.

CNN телеарнасының тілшісінің хабарлауынша, жарылыс аймағынан бірнеше шақырым жердегі үйлердің де терезесі сынған. Тілшілердің сөзінше, CNN арнасының Бейруттағы бюросында жарылыс "жер сілкінісіндей" сезілген.

Жарылыстың себебі белгісіз. Ел үкіметі теңіз портындағы қоймада жарылғыш зат жарылғанын айтады.

Бейрутта жарылыс болған аймақ. 4 тамыз 2020 жыл.
Бейрутта жарылыс болған аймақ. 4 тамыз 2020 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі жарылыс толқынынан Қазақстанның Ливандағы елшілігінің ғимараты зақымданғанын хабарлады.

"Елшілік қызметкерлері жұмыс уақыты аяқталған соң үйлеріне қайтып кеткен. Жұмыста қалған консул жарылыс толқынынан аздап жарақаттанды. СІМ жергілікті билікпен байланысып отыр. Ливанда жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты ақпараттарды тексеріп жатыр" деп хабарлады министрлік.

Жарылыс Ливан үшін өте қиын шақта болды. Елде экономикалық дағдарыс. Бұған қоса, жарылыс БҰҰ-ның трибуналында "10 жыл бұрын Ливанның экс-премьері Рафик Харириді өлтірді" деп айыпталған төрт адамның соты қарсаңында болды. Төрт айыпталушы да "Хезболла" тобының мүшесі. Олар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады. Сот шешімі жұма шығуы тиіс.

Бейрут қаласында шамамен 300 мыңнан 2 миллионға дейін адам тұрады. Кейінгі 90 жылда қалада халық санағы өтпеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG