Accessibility links

АҚШ Конфуций институтын "шетел агенті" деп атады


АҚШ және Қытай тулары. Көрнекі сурет.
АҚШ және Қытай тулары. Көрнекі сурет.

АҚШ қытай үкіметінен қаржыландырылатын Конфуций институтын "шетел агенті" деп атап, осындай статусқа ие ұйымдар қатарына қосты. 13 тамыз күнгі мәлімдемесінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ-тағы Конфуций институты орталығы Пекин насихатын жүргізіп, елдегі университеттер мен мектептерде "қастық ниеттегі кампаниясын" жүзеге асыруға көмектеседі деді.

"Қытай халық республикасы Американың ашықтығын пайдаланып, осы елде ірі әрі жақсы қаржыландырылған үгіт-насихатын жүзеге асырып, ықпал етуге тырысты" деді Помпео.

Конфуций институты қытай тілі мен мәдениетін әлемге насихаттау мақсатында Қытай университеттері мен дүниежүзінің білім беру мекемелері арасында әріптестік орнатқан. АҚШ-та мұндай 75 институт бар және 65-і университеттер маңына топтасқан. Конфуций институттарымен байланыс орнатқан балабақша мен 12 сыныпқа дейінгі аралықта 500 сынып бар. Шығыс Азия жөніндегі АҚШ дипломаты Дэвид Стивел жаңа ереже негізінен Вашингтондағы Конфуций институты орталығына қатысты дейді.

"Бұл ұйым іс жүзінде АҚШ-тағы Конфуций орталықтарын басқарып, қолдап, қаржыландырады. Біз оны жаппаймыз. Жәй ғана шетел агенті деп атаймыз" деді.

Шетел агенті мәртебесіне ие болған ұйымдар заң бойынша АҚШ мемлекеттік департаментіне қызметкерлері, жылжымайтын мүлік, қаржы, пәндер мен тренинг материалдары туралы есеп беріп отыруы тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG