Accessibility links

Тихановская: Беларусь "қалыпқа келу межесінен" өтіп кетті


Беларусь президенті сайлауына оппозиция атынан түскен Светлана Тихановская.
Беларусь президенті сайлауына оппозиция атынан түскен Светлана Тихановская.

Беларусь оппозициясының лидері Светлана Тихановская елінің "терең саяси дағдарыста" екенін, оған президент Александр Лукашенко үкіметінің халық үніне құлақ аспай отырғаны себеп екенін мәлімдеді.

"Беларусьтер өзгерді, олар өзгерді" деді Тихановская 5 қыркүйектегі тікелей эфирде. Эфир барысында ол 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін бүкіл ел бойынша өтіп жатқан үкіметке қарсы наразылық акциялары туралы ойын бөлісті.

Тихановская Беларусь халқының өзгерісті қалайтынын, "қазіргі билікке сенімін жоғалтқанын" айтты. Оның сөзінше, ел "қалып келу межесінен өтіп кеткен", "адамдарды шегіндіру мүмкін емес".

9 тамыздағы президент сайлауынан кейін билік Лукашенконың 80 пайызбен жеңіске жеткенін мәлімдеді. Беларусьтер бұл нәтижеге сенбейтінін айтып, сайлау бұрмаланған деп көшеге шықты да, жаппай наразылық білдірді. Наразылықтың алғашқы күндері полиция бейбіт шерушілерге күш қолданды, жүздеген адам ауыр жарақат алды. Полиция қатыгездігі наразылықты одан ары өршітіп, шерулер тоқтаусыз өтіп келеді. Кейбір акциялар жүздеген мың адам қатысты. Олар елді 26 жыл басқарып келген Лукашенконың биліктен кетіп, орнына Тихановскаяның президент болғанын талап етеді.

Светлана Тихановская билікке келсе, бірінші кезекте "саяси тұтқындарды" босататынын, "жаңа әділ әрі ашық президент сайлауын өткізетінін" айтты. Ол жаңа президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді.

Беларусьте үкіметке қарсы наразылық акциялары төрт аптадан астам уақыт бойы өтіп келеді. Кеше Минскіде екі митинг өтті: бірін студенттер, екіншісін әйелдер бірлестігі өткізді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG