Accessibility links

Қырғызстанда кейінгі 10 күнде Covid өлімі тіркелмеді


Коронавирус науқастарын емдеп жатқан дәрігер. 29 тамыз 2020 жыл.
Коронавирус науқастарын емдеп жатқан дәрігер. 29 тамыз 2020 жыл.

Қырғызстанда өткен тәулікте 81 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде зертханалық талдаумен расталмаған коронавирус пневмониясы да бар. Тәулік ішінде аурудан ешкім қайтыс болмады. Ең соңғы рет Covid өлімі 9 қыркүйек күні Талас облысында тіркелген.

Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте Бішкекте – 10, Ош қаласында – 2, Шу облысында – 5, Ош облысында – 8, Талас облысында – 3, Ыстық-Көл облысында – 14, Жалал-Абад облысында – 20, Баткен облысында 19 науқас тіркелген.

Эпидемия басталғалы 45 416 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған. Ресми дерек бойынша, коронавирустан барлығы 1063 адам қайтыс болған. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі 18 тамыз күні Covid өлімі статистикасын қайта қарап, қайтыс болғандар саны үштен бірге азайып қалды (1498 еді, 1053 болып қалды).

Өткен тәулікте аурудан 94 адам жазылып шыққан. Барлығы 41 578 адам аурудан айыққан. Қазір стационарларда 566 науқас жатыр. 1762 адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG