Accessibility links

Мирзаянов: Навальныйдың толық жазылуына бір жыл қажет


Совет Одағының химигі болған Вил Мирзаянов.
Совет Одағының химигі болған Вил Мирзаянов.

Совет Одағының химигі, қазір АҚШ-та тұратын Вил Мирзаянов Алексей Навальныйдың айығуы үшін бір жылға жуық уақыт кетеді дейді. Мирзаянов – "Новичок" уын әзірлеушілердің бірі. "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында ол улағыш затты әзірлеуге қатысқаны үшін Навальныйдан кешірім сұрады.

"[Навальный] барлық симптомды жеңіп, тірі қалған көрінеді. Навальныйға бәріне шыдамдылықпен қарауға тура келеді. Бірақ ақыр аяғында оны дені сау болып шығуы тиіс" деді Мирзаянов.

Сенбі, 19 қыркүйек күні "Новичок" уымен уланған Алексей Навальный Instagram-парақшасында қазіргі ахуалы жөнінде мәлімдеме жасады. Ол су құйып ішу секілді қарапайым әрекеттің орындау "атракционға айналғанын", баспалдақпен жүрген кезде аяғы дірілдейтінін айтты. Саясаткер ми функциясын тезірек қалпына келтіру үшін дәрігердің тақта әкеліп, оған қандай сөз жазу керегін сұрағанын, бірақ қандай да бір сөзді айту қиынға соғатынын хабарлады.

Мирзаяновтың пікірінше, Навальныйдың тақтаға сөз жаза алмауы ми сигналдарының қимылға жауапты дене мүшелеріне жете алмауымен байланысты. Маман мұны "Новичок" молекулаларының ми сигналдарын жеткізуге жауапты ақуыздардың ыдырауына кедергі келтіруімен түсіндірді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG