Accessibility links

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар қайта көбейді


Медицина қызметкерлері уақытша стационарда науқастарды емдеп жүр.
Медицина қызметкерлері уақытша стационарда науқастарды емдеп жүр.

Өткен тәулікте Қырғызстанда 215 адамнан коронавирус анықталды. 2 қазанда Қырғызстан денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев осындай мәлімет айтты. Бұл - тамыздың ортасынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Соңғы апталарда күн сайын анықталған науқастар саны жүзге жетпеген. Қыркүйек айының соңынан бастап Covid-ке шалдыққандар қайта көбейген.

Бейсенбі күні Баткен (63), Ош (41), Жалалабад облыстарында (40) көп науқас анықталған. 1 қазанда адам өлімі тіркелмеген.

Елде коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 47 мыңнан асты. Індет басталғалы бері 1065 адам коронавирустан қайтыс болған. 18 тамызда денсаулық сақтау министрлігі Covid-пен байланысты адам өлімі статистикасын қайта қарап, осыдан соң ресми деректен 500-ге жуық адам өлімі алынып тасталған. Ведомство олардың "коронавирустан емес, ілеспе аурудан" қайтыс болғанын айтты.

Өткен тәулікте 28 медицина қызметкерінен коронавирус анықталған. Наурыз айынан бері 3294 дәрігер Covid ауруына шалдыққан. 3029-ы жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG