Accessibility links

Медицина бойынша Нобель сыйлығы С гепатитінің вирусын ашқандарға берілді


Нобель сыйлығы лауреатына берілетін медаль. Корнекі сурет
Нобель сыйлығы лауреатына берілетін медаль. Корнекі сурет

Физиология және медицина бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы С гепатиті вирусын ашып, осы дертпен күреске үлес қосқан ғалымдарға берілді.

Лауреаттардың есімдері Стокгольмдегі рәсім кезінде аталды. Олар – америкалық Харвин Олтер мен Чарльз Райс және британдық Майкл Хоутон.

Нобель комитетінің мәлімдемесінде айтылғанындай, осы ғалымдар зерттеулерінің арқасында созылмалы гепатит себептері анықталып, миллиондаған адам ажалдан арашалаған дәрі-дәрмек жасалды.

85 жастағы америкалық вирусолог және инфекционист Харви Олтер – Ұлттық денсаулық сақтау институтына қарасты қан құю институтының инфекциялық аурулар бөлімінің басшысы. Майкл Хоутон Канаданың Альберта аймағындағы вирусология институтында жұмыс істейді. Ал Чарльз Райс – Нью-Йорктегі Рокфеллер университетінің вирусология профессоры.

Дәстүрлі Нобель апталығы дүйсенбіде медицина саласындағы лауреаттарды жариялаудан басталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG