Accessibility links

Қырғызстан: Жээнбеков үкімет пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (оң жақта) және бұрынғы премьер-министр Кубатбек Боронов.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (оң жақта) және бұрынғы премьер-министр Кубатбек Боронов.

9 қазанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков үкімет мүшелері мен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Құжат президенттің ресми сайтында жарияланды. Онда Жээнбековтің премьер-министр Кубатбек Бороновтың отставкаға кету туралы арызын қабылдағаны жазылған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, үкімет құрамы толық отставкаға кеткен. Жарлық бойынша, үкімет басшысы, вице-премьер, үкімет мүшелері жаңа үкімет жасақталғанға дейін міндеттерін атқара береді.

Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауынан кейін саяси дағдарыс туындаған. Парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен наразылық акцияларының соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 6 қазанға қараған түні демонстранттар парламент пен президент аппараты орналасқан "Ақ үйді" басып алды.

9 қазанда "Ата Мекен", "Бир Бол", "Республика" және "Реформа" партиялары бірігіп, "Акыркы үмүт" саяси бірлестігін құратынын мәлімдеп, премьерлікке Өмірбек Бабановты ұсынды.

Қарай отырыңыз: Қырғызстан саясатындағы ең ықпалды тұлғалар. Олар кімдер?

Бұған дейін 6 қазанда Жогорку Кеңештің бірнеше депутаты премьерлікке наразылықтан кейін қамаудан шыққан Садыр Жапаровты ұсынған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG