Accessibility links

Экономика бойынша Нобель сыйлығы аукцион теориясын дамытушыларға берілді


Видеодан алынған үзінді.
Видеодан алынған үзінді.

Экономика бойынша Нобель сыйлығы биыл америкалық экономистер Пол Милгром және Роберт Уилсонға берілді. Олар аукцион теориясын жетілдіріп, жаңа форматын ойлап тапқаны үшін марапатқа ие болған.

Швеция банкі тағайындаған экономика саласындағы бұл сыйлық 1969 жылдан бастап беріледі. Ол ресми түрде "Нобель сыйлығы" деп аталмайды, "экономика саласы бойынша Альфред Нобель атындағы сыйлық" деп аталады. Осы сыйлықтың лауреаттары жарияланғаннан кейін Нобель аптасы ресми түрде аяқталады.

Былтыр бұл сыйлық Үндістан, АҚШ, Франция ғалымдарына жаһандық кедейшілікпен күреске жаңа әдіс тәжірибе енгізгені үшін берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG