Түркияның Измир провинциясында шамамен 7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Түркия билігі кем дегенде 20 адамның қайтыс болғанын, 780-нен астам адамның жараланғанын, 20 ғимараттың қирағанын хабарлады. Бүлінген ғимараттардың маңында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Грекияның Самос аралында екі жасөспірім көз жұмды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде болған. Дүмпу Стамбул және Афины қалаларында да сезілген.
US Geological Survey орталығы жер дүмпуі 10 км тереңдікте болғанын хабарласа, Түркия билігі 20 км деп мәлімдеді.
Измир – Түркиядағы ең ірі үшінші қала. Қалада жер сілкініс болған соң жұрт үйлерін тастап көшеге қашқан.
Биыл қаңтарда Түркияның Элязыг провинциясында болған жер сілкінісінен 30 адам қайтыс болып, 1600 адам жараланған.
2019 жылы Грекия астанасы Афиныда да жер сілкініп, қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалған.
1999 жылы Түркияның Измит қаласында күшті жер сілкініп, 17 мың адам қаза болған.
ПІКІРЛЕР