Accessibility links

Полиция митинг қарсаңында ұсталған журналист Ермұрат Бапиді босатты


Ермұрат Бапи.
Ермұрат Бапи.

14 қараша күні Алматыдағы саяси реформаны талап еткен митингіге санаулы сағат қалғанда ұсталған "ДАТ" газетінің жетекшісі, журналист Ермұрат Бапиді бірнеше сағаттан соң босатты. Бұл туралы Азаттыққа журналистің өзі растады.

– Рұқсат етілмеген митингіге "қатыстың" деп, 488-баптың 6-тармағы бойынша айып тақты, – деді ол Азаттыққа.

Журналистің айтқаны "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 488-бабы 6-тармағы. Ол бойынша, "Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу" деп аталатын 6-тармағында рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін үш жаза қарастырылған: ескерту, отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл не он бес тәулікке қамау.

Бапидің айтуынша, сот 16 қараша күні Алматы қаласында өтеді және дәл осындай тағы бір азаматқа тағылып отыр. Журналист айыптың түрмеде белгісіз жағдайда қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділдің жаназасына Алматы қаласынан онлайн қатысқаны үшін тағылғанын айты.

– Жаназаға бет сипауға жиналудан бір күн бұрын әкімдікке хабарлама қалдырғанбыз. Бірақ ресми рұқсат етпедік деген желеумен жазалап отыр, – дейді Бапи.

Бүгін, 14 қараша күні Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдында демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамай мен Украинада тұратын журналист, "Бәсе" каналының авторы Айдос Садықов шақырған митинг өтті. Билік митинг өткізуге рұқсат еткенімен, оған қатысамын деген бірқатар азаматтарға кедергі келтірген. Митинг қарсаңында Алматыға митингіге қатысу үшін аттанғалы отырған Жаңаөзен белсенділерін полиция ұстап, жолға шығуына мүмкіндік бермеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG