Accessibility links

Елде бір күнде тағы 757 адам Covid індетіне шалдықты, жеті адам көз жұмды


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 1 желтоқсан күнгі ресми статистикасы бойынша, елде тағы 689 адамнан коронавирус табылып, жеті адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 68 адам коронавирус пневмониясына (анализі теріс, бірақ белгілері Covid дертіне ұқсайды) шалдыққан.

Қазір елде ресми статистика бойынша, 174 мыңнан аса адам індетке шалдығып, 2500-дей адам қайтыс болды. 146 мыңнан аса адам дерттен айықты. Бұл статистикаға анализінен коронавирус табылған науқастар мен коронавирус пневмониясына шалдыққандар да енген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір елде 13444 адам емделіп жатыр. Олардың 912-сі бала. Ауруханада 3586 науқас жатыр. 232 адамның халі ауыр, отыз адамның жағдайы өте ауыр. 31 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сарапшылар Қазақстанның коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды. Денсаулық сақтау министрлігі тамызға дейін коронавирус пневмониясына шалдыққан және қайтыс болған мыңдаған адамды ешқандай статистикаға қоспаған. Бұдан бөлек, коронавирус жұқтырған жүздеген марқұмды “өліміне басқа дерт себеп болды” деп статистикаға енгізбеді.

Өткен аптада денсаулық сақтау министрлігі ШҚО, Қостанай, Павлодар, СҚО, Ақмола облысында статистика дұрыс жүргізілмегенін анықтаған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG