Accessibility links

Өзбекстанда "қыз алып қашу" кезінде көліктен секірген "қалыңдық" мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстанның Наманган облысында 16 жастағы бойжеткен өзін алып қашып кетпек болғандардан сытыламын деп көлік жүріп бара жатқанда секіріп, мерт болды. Дәрігерлер оның ауруханада ауыр жарақаттан көз жұмғанын хабарлады.

Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 20 желтоқсанда Нарын ауданында болған. 18 және 23 жастағы екі жігіт құрбыларымен бірге пәтер жалдап, оқуға түсуге дайындалып жүрген қызды үйінен ұрлап әкеткен. Полиция қызметкерлері бұл ақпараттан хабарсыз екенін айтқан. Қаза болған қыз Үшқорған ауданының тумасы екені айтылады.

Оқиғаға байланысты "Адам ұрлау" және "Қауіп-қатерге тігу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG