Accessibility links

ДДСҰ Pfizer вакцинасын Covid-ке қарсы жедел қолдануға рұқсат етті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Pfizer мен BioNTech компаниялары шығаратын вакцинаны Covid-ке қарсы жедел қолдануға рұқсат берді. Вакцина қауіпсіздігі пен тиімділігі жағынан талапқа сай келеді, қатерлі дертке қарсы пайдалануда артықшылықтары бар деп мәлімдеді ұйым.

ДДСҰ коронавирус инфекциясына қарсы күресуге қажет, бірақ сынақ нәтижелері әзірге көпшілікке белгісіз дәріге жедел рұқсат беріп отыр. Бұл шешім әлем елдеріне лицензия берудің ішкі тәртібін жеделдетуге мүмкіндік береді, ал БҰҰ енді вирусқа қарсы вакцинаны мұқтаж елдерге сатып алуды бастай алады.

Pfizer/BioNTech вакцинасын АҚШ пен Еуропа одағында Covid-ке қарсы қолданады. Ал Ресей өзі шығарған «Спутник V» вакцинасын егуді бастаған.

Осы кезге дейін әлемде 84 миллионға жуық адамға коронавирус инфекциясы жұққан. Екі миллионға жуық адам вирус салдарынан қайтыс болған. Әлемде вирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында АҚШ тұр, бұл елде 20,5 миллион адам ауырып, 350 мыңнан астам адам көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG