Accessibility links

Нұр-Сұлтанда тәуелсіз бақылаушы Ғаділбек Серікбаев 15 тәулікке қамалды


Нұр-Сұлтандағы уақытша қамау изоляторы. Көрнекі сурет.
Нұр-Сұлтандағы уақытша қамау изоляторы. Көрнекі сурет.

Нұр-Сұлтан полициясы сейсенбі күні "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігінің тәуелсіз бақылаушысы Ғаділбек Серікбаевты Сovid-ке тест тапсыруға барған жерінен алып кетті. Сот оны "заңсыз митинг өткізуге шақырды" деп айыптап, 15 тәулікке жапты. Бұл туралы белсенді Алма Нұрышева Veritas құқық қорғау ұйымының Facebook-тегі тобына жазды.

Сот қаулысында Ғаділбек Серікбаевтың Әкімшілік кодекстің 488-бап 7-тармағына сай ("заңсыз шеру өткізуге шақырды") айыпталғаны, оған белсендінің Facebook парақшасында 2 қаңтар күні қалдырған жазбасы себеп болғаны жазылған. Жазбада Серікбаев 10 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы "Жастар" сарайы алдына күндізгі сағат 14.00-де "жиналуға шақырған". Ғаділбек Серікбаев сотта айыбын мойындамаған.

Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, елде бақылаушылар мәжіліс және мәслихат сайлауы күні яғни, 10 қаңтарда сайлау учаскесіне кіріп, бақылауға мүмкіндік алу үшін коронавирус жұқпағанын дәлелдейтін анықтамасы болуы тиіс. ПТР-тесті оң шыққан бақылаушылар сайлау учаскесіне жіберілмейді. Бұған дейін орталық сайлау комиссиясы дене қызуы көтерілген сайлаушылар арнайы жабдықталған орында дауыс береді деп мәлімдеген. Ондағы дауыс беру процесін бақылау жағы әзірге бұлыңғыр.

Құқық қорғаушылар парламент сайлауы алдында тәуелсіз бақылаушылар мен белсенділерге қысым үдегенін айтады. Елде ондаған белсенді "сотпен тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты" деген күдікпен қамауға алынған. Кейбірі үйқамақта отыр. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында да полиция Қазақстанның әр аймағында ондаған адамның үйін тінтіп, кейбірін тұтқындаған.

Қазақстанда кезекті мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Оған бес партия қатысып жатыр. Осыған дейін белсенділер мен азаматтық қоғам өкілдері сайлау кезінде "жаппай фальсификацияға жол бермес үшін" түрлі амалдар ұсынған. Бірі сайлауға "белсенді бойкот" жариялауды ұсынса, бірі өздерін сайлаушылар тізімінен алып тастауды талап еткен. Кейбір белсенділер мен ұйымдар арнайы платформа арқылы сайлауды жіті қадағалайтынын айтып отыр. Қуғында жүрген оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов билікшіл "Ақ жол" партиясына дауыс беру арқылы "Нұр Отан" дауысын азайтуды ұсынған.

Видео: Белсенділер наразылық ретінде сайлаушылар тізімінен шығаруды талап етті (5 қаңтар 2021 жыл).

Белсенділер наразылық ретінде сайлаушылар тізімінен шығаруды талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG