Accessibility links

Twitter Трамптың аккаунтын біржола бұғаттады


 АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter желісіндегі жеке аккаунты. 6 тамыз 2020 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter желісіндегі жеке аккаунты. 6 тамыз 2020 жыл.

Twitter әлеуметтік желісі 8 қаңтар күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамптың 88 миллионнан астам оқырманы бар аккаунтын біржола бұғаттады.

"@realDonaldTrump аккаунтындағы кейінгі твиттер мен солардың айналасындағы контекстіні, әсіресе олардың Twitter-де қалай қабылданғаны мен интерпретацияланғанын мұқият тексергеннен кейін біз бұл аккаунтты зорлық-зомбылыққа арандату қаупі үшін тұрақты негізде бұғаттадық" делінген Twitter компаниясының мәлімдемесінде.

Компания сондай­-ақ Трамптың кейінгі твиттері мен желі қолданушыларының оған реакциясын сараптау нәтижесін жариялады. Осы сараптамадан кейін Twitter Трамптың твиттері жаңа зорлық-зомбылық әрекеттеріне түрткі болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Демократтар мен кей республикашылдар Трампты 6 қаңтар күні жақтастарын зорлық-зомбылыққа арандатты деп айыптайды. Сол күні АҚШ президентінің ашулы жақтастары елдің жаңа сайланған президенті Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін бекітуі керек болған Конгресс жиынын бұзу үшін Капитолий ғимаратына басып кірген. Оқиға кезінде Twitter Трамптың аккаунтын 12 сағатқа бұғаттаған.

Трамптың өзі Вашингтондағы оқиғаны сынға алды, бірақ твиттерінің бірінде жақтастарына "әділетсіздік" жасалуына жол бермейтінін айтты.

Трамптың АҚШ президенті ретіндегі ресми Twitter-аккаунты жұмысын жалғастыра береді, бірақ онда твиттер сирек, жүйелі емес түрде шығып отырады.

Ақ үй мен Дональд Трамптың өзі компанияның бұл шешімі жөнінде пікір білдірмеді. Мұның алдында Трамптың аккаунтын Facebook те бұғаттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG