Accessibility links

Навальный штабының жетекшісі "Путинге құрмет көрсетпегені үшін" айыпталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде Навальный штабының Краснодардағы бөлімшесінің жетекшісі Анастасия Панченконың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Инстаграмда Ресей президенті Владимир Путинді "экстремист" деп атап, пост жазған Панченкоға "билікке құрмет көрсетпеді" деген айып тағылып отыр.

Жауапкердің адвокаты Михаил Беньяш "МБХ медиа" басылымына берген сұхбатында заңнама бойынша билік өкіліне әдепсіз сөз айтқан адам "билікке құрмет көрсетпегені үшін" жазалануы мүмкін. Соған байланысты сәрсенбі күні сараптама тағайындалып, "экстремист" сөзінің мағынасы сараланады. Лингвистер ол әдепсіз сөзге жата ма, жатпай ма, соны анықтауы тиіс.

Анастасия Панченко кінәлі деп танылса, оған 100 мың рубльге (шамамен 1360 доллар) дейін айыппұл салынуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG