Accessibility links

Путин келесі аптадан бастап халыққа жаппай вакцина салуды тапсырды


Ресейлік "Спутник V" вакцинасы.
Ресейлік "Спутник V" вакцинасы.

Ресей президенті Владимир Путин келесі аптадан бастап халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егуді тапсырды. Билік елде егу кампаниясы басталғанын 2 желтоқсанда хабарлаған. Бірақ ол кезде мәселе "жаппай" емес, "кең ауқымды" вакцина салу төңірегінде болған.

"Кең ауқымды вакцинациядан жаппай егуге көшуіміз керек" деді үкімет мүшелерімен онлайн-жиналыс өткізген Путин. Ол үшін инфрақұрылымды да дайындықтан өткізу қажеттігін алға тартты.

"Құдайға шүкір, біз әзірлеген вакцинаны тасымалдау үшін минус 50, минус 70 градус сияқты ерекше жағдай қажет жоқ. Бізде бәрі қарапайым әрі тиімдірек жұмыс істейді" деді Путин.

Вице-премьер Татьяна Голикова "үкімет президент тапсырмасын орындауға дайын және Ресейде жаппай вакцинация 18 қаңтарда басталады" деп мәлімдеді.

Коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде төртінші орында тұрған Ресейде өткен айдан бастап сынақтың үшінші кезеңін толық аяқтамаған Гамалея орталығы әзірлеген "Спутник V" препараты тұрғындарға егіле бастаған.

Ресейлік тіке инвестиция қорының мәліметінше, содан бері "Спутник V" вакцинасы 1,5 млн ресейлікке егілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG