Ресей тікелей инвестиция қоры Түркіменстанның ресейлік "Спутник V" вакцинасын тіркеді деп мәлімдеді. Коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді деген Түркіменстан осы күнге дейін елде коронавирус науқасы жоқ деп келген.
"Түркіменстан "Спутник V" вакцинасын өз аумағында қолдануды мақұлдаған алғашқы Орталық Азия елі" деді вакцинаны әзірлеуге жауапты болған қор 18 қаңтар күні. Қор сондай-ақ вакцинаның төтенше қолдану үшін тіркелгенін, қосымша клиникалық зерттеулердің нәтижесі ұсынылмағанын айтты.
Түркіменстан – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына бірде-бір Covid инфекциясын жұқтыру жағдайын баяндамаған жалғыз ортаазиялық ел.
Тамыз айында ДДСҰ Түркіменстанда қоздырушысы белгісіз пневмонияның өршуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, Ашғабадты тәуелсіз зертханалық талдауға рұқсат беруге шақырды.
Түркіменстан билігі болса, індеттің белгілері бола тұра елде коронавирус жұқтырғандар жоқ деп отыр.
Көптеген түркімен ауырып қалса да, үйде емделіп жатқанын, ауруханаға барса инфекция жұқтырып алуы мүмкін екенін айтқан.
Өкпе ауруынан қайтыс болғандардың мәйіттері туыстарына пластик қаптарға салынып табысталып жатыр және елде жаңа қазылған қабірлер санын әдеттен тыс жоғары деп хабарлады Азаттықтың Түркімен қызметі.
Ресейлік "Спутник V" вакцинасын егуді жеті ел мақұлдаған. Олар – Алжир, Аргентина, Беларусь, Боливия, Палестина, Парагвай және Венесуэла.
ПІКІРЛЕР