Польшада мыңдаған адам абортты тыюға қарсылық ретінде наразылыққа шықты. Ең ірі акция Варшаваның орталығында өтті. Наразылар мен полиция қақтығысып қалды. Полиция митингшілерді тарату үшін көзді ашытатын газ қолданды.
Польша Конституциялық соты абортты толықтай тыю туралы шешімін былтыр қазанда қабылдаған. Бірақ заң 27 қаңтар күні күшіне енген. Сот жүктілікті құрсақтағы нәрестенің патологиясы болса да үзуге болмайды деп шешті.
Сот қаулысында аборттың әлі тумаған сәбиді дискриминациялау екені жазылған. Оппозициялық партиялар, құқық қорғау ұйымдары және Еуроодақ бұл шешім әйелдер құқығын бұзады деп есептейді.
- Польшада жыл сайын мыңға жуық заңды аборт жасайды. Оның 98 пайызы нәрестегі сәбидің патологиясына байланысты.
- Әйелдер құқығын қорғайтын топтар абортты жасырын не шетелге шығып жасататындарды қосқанда жыл сайын 80-120 польшалық әйел жүктілігін үзеді дейді.
- Наразылық акциялары шешім қабылданған қазан айында да өткен. Акция бірнеше күнге созылған.
ПІКІРЛЕР